Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Маса шақпасын десеңіз

Маса шақпасын десеңіз

Маса шақпасын десеңіз

Жаз мезгілінде ызыңдап маза бермей, шағып алатын маса жәндігінің қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?! Маса шаққанда дене бөртіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанған жөн.

Адам баласы сияқты масаға да жағымсыз иістер әсер етеді. Маса шүйгіншөп (валериан), қалампыр гүлі, темекі, базилик өсімдігінің иісіне төтеп бере алмайды. Үйіңізге маса кірмесін десеңіз, терезеңіздің алдына базилик не қалампыр жапырақтарын қойып қойыңыз. Ал маса шағып алмасын десеңіз қол-аяғыңызға азғантай ғана шүйгіншөп сұйықтығын жағып алыңыз.

Маса ашық түстерді, соның ішінде сары түсті жақтырмайды. Егер де таза ауада демалуды көздесеңіз, үстіңізге сары киім киіп алыңыз. Сонда сізді маса шақпайды әрі демалысыңыз сәтті өтеді. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады.

Маса жынысы мен жасына қарамастан көбіне аққұба адамдарды шағады екен. Сондай-ақ, маса ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерді жиі шағады.


Ағылшын биолог-ғалымдары масаның еті тірі, сабырсыз адамдарды көбірек шағатынын дәлелдеген. Себебі, әрдайым қимылдап, тағат таппайтын жандардың қан айналымы жақсы. Ал жүзі суық, тұйық жандарға маса аса көп жоламайды екен.

Маса жүрек, бауыр, бүйрек ауруларымен ауыратын жандарды көп шағады. Себебі, маса адам ағзасында зиянды холестериннің бар-жоғын сезеді. Ал дертке шалдыққандардың ағзасында зиянды холестерин жетіп артылады.

Маса терісі жұмсақ әрі тершіл жандарға жақын келеді. Терісі жұмсақ, қаны таза болғандықтан маса кішкентай балаларды көбірек шағады.

Есіңізде болсын!

  • Егер маса шағып алса, айран немесе сүтпен ысқылап қойыңыз;
  • Шаққан денедегі орындарды қасып, тырнауға болмайды;
  • Тырнап, қасып тастасаңыз, ас содасы қосылған сумен шайып жіберіңіз;
  • Йод, шүйгіншөп сұйықтығын жағып қойыңыз;
  • Егер да маса сізді табиғат аясында шағып алса, шаққан орынға бақбақ, жалбыз, түймедақ жапырақтарын басыңыз.
  • Үй өсімдіктерінің ішінде алоэ, қазтамақ (герань) жапырақтарын басыңыз.
  • Маса кішкентай сәбиді шақпас үшін бесігінің я төсегінің жанына лимон я сарымсақ қойып қойыңыз. Шаққан жағдайда, балаға жылы сүт я қайнаған су беріп, шаққан орындарды тұзды сумен шайып жіберіңіз.
  • Маса шаққаннан соң, өзіңізді жайсыз сезініп, денеңіз бөртіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: babyblog.ru, narod-medicina.ru

7346 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 маусым 2012, 14:57
Пікірлер
+0
28 маусым 2012, 16:01

мынандай қорғаныс түрлері бар екенін білмеппін

+0
28 маусым 2012, 17:20

Атыраудың масасын бермесін ))

+0
28 маусым 2012, 23:40

xa atyraudin masasi terapia go (atyraudin masalarina angime aitpandar :D )

+0
29 маусым 2012, 23:14

мен актобеде турам! бирак актобенин масалары Атыраудын масаларынын касында ойнамай калад дид го

+0
02 шілде 2012, 16:45

Ауылда походқа шыққанда немесе қой бағуға барғанда масадан қорғану үшін түтін салатынбыз. Түтінге маса жоламайды негізі.

+0
03 шілде 2012, 02:15

atyrauskilar zdarovi ka4ok :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...