Жапонияда фотосинтез құбылысы жүрмейтін өсімдік табылды

Жапонияда фотосинтез құбылысы жүрмейтін өсімдік табылды
Фото: emigrados.ru

Жапон елінің зерттеушілері фотосинтез құбылысы жүрмейтін ерекше өсімдік түрін тапты. Олар Куросима аралында табылған өсімдікке «Gastrodia kuroshimensis» деген атау беріп отыр.

Өте сирек кездесетін өсімдік түрін зерттеген Кенжи Суетсугу оның жүзге жуығын тапқан. Жаңа өсімдік түрі өзіне қажетті заттардың барлығын саңырауқұлақ арқылы алады екен. Осыған дейін саңырауқұлақтардың бұл ерекшелігіне миколог мамандар бас қатырып келген еді. Енді олардың зерттеп жүргені жаңа паразит өсімдік түрі екені дәлелденіп отыр.

«Gastrodia kuroshimensis» - микогетеротрофтар санатына жатады. Табиғатта мұндай өсімдіктер өте сирек кездеседі. Көбіне саңырауқұлақтан тіршілігіне қажетті заттарын алып, селбесіп өседі. Олар ешқашан гүлдемейді.

Айта кетейік, жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда болуы - фотосинтез құбылысы басталғаннан бастау алады. Фотосинтез - өсімдіктердегі өте күрделі құбылыс. Ол қараңғыда да, жарықта да үздіксіз өтіп жатады және сыртқы орта факторларымен тығыз байланысты болады. Фотосинтездің қарқынды өтуі өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне де, ішкі жағдайларға да тәуелді. 

Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар–болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. 

О. Сансызбай