Нью-Йорк 100 жылдан кейін су астында қалуы мүмкін

Нью-Йорк 100 жылдан кейін су астында қалуы мүмкін
Фото: informus.ru

АҚШ-тың эколог мамандары Нью-Йорк қаласы 100 жылдан кейін су астында қалуы мүмкін деген болжам жасады. Себебі ғаламдық жылу әсерінен Атлант мұхитының деңгейі жылдан жылға көтеріліп келеді екен.

- 2012 жылғы «Сэнди» дауылын білетін боларсыздар. Ол кезде су деңгейі екі жарым метрге көтерілген болатын. Мұндай табиғи су апаттары 100 жылдан кейін Нью-Йоркте жиі қайталанатын болады, - деп дабыл қағады ғалымдар.

Метеорологиялық бақылау жасаған эколог мамандар Нью-Йорк қаласының климаттық ауа райын болжап, табиғи апаттардың жиі орын алуына ғаламдық жылу деңгейінің жоғарылауы себеп болатынын айтуда. Сондай-ақ, «Сэнди» дауылы жылына үш рет соғуы мүмкін деп болжауда.

Айта кетейік, 2012 жылы «Сэнди» дауылы АҚШ мемлекетіне 68 миллиард доллар көлемінде шығын келтірген болатын. 

О. Сансызбай