Толқынға ұқсайтын мүсін

Толқынға ұқсайтын мүсін
Фото: newgirlsguidetola.com

Патрик Ширн есімді дизайнер Лос-Анджелес қаласының Pershing Square ғимаратының жанында толқынға ұқсайтын жаңа мүсін жасаған. Мүсін дейтіндей бір орында тұратын көзге үйреніп қалған ескерткіш те емес.

Өзге мүсіндерден ерекшелігі – желдің әсерімен қозғалып тұрады. Қозғалатын мүсін күміс стримерлерден (балық аулауға арналған, қармақтың басына ілінетін жасанды зат) жасалған. Дизайнер жасанды толқынды "Liquid Shard", яғни "сұйық сынықтар" деп атаған екен.

Г. Берік