Әлемдегі ең ұзын ағаш мүсін

Әлемдегі ең ұзын ағаш мүсін
Фото: adme.ru

Ағаштан мүсін ою – қытай халқының ежелден бері жалғасын тауып келе жатқан асыл өнері. Осы өнердің шебері қытайлық Чжэн Чунхуи (Zheng Chunhui) тамаша туындысымен бүкіл әлемді өзіне қаратты. Ғаламды таңқалдырған тамаша мүсінді сіздер де тамашалап,  қызықты деректермен таныс болыңыздар.

Мүсін «Цинмин фестиваліндегі өзен бойы» атты ежелгі қытай картинасының негізінде ағаштан ойылып жасалған. 

Бұл мүсін – Чжэн Чунхуидің төртжылдық еңбегінің жемісі. Мүсіннің ұзындығы 12,29 метр, ал биіктігі 3 метр.

Мүсінші үйлер мен ағаштарды, қайықтар мен көпірлерді есептемегенде, 550-ден аса кейіпкерді ағаштан ойып бейнелеген.

Төртжылдық маңдай тер тиісті бағасын алды. Ол ең ұзын мүсін (он екі құлаш) атағымен Гиннесс рекордтар Кітабына енді.

Бірақ бұл туындының бағасы Гиннесс рекордтар Кітабында тіркелген "ең ұзын мүсін" атағымен өлшенбейтіні белгілі... 

Е. Жұмабайұлы