Жердегі ең алып гүл гүлдеді

Жердегі ең алып гүл гүлдеді
Фото: jornalopainel.com.br

Бельгияда ғаламшардағы ең алып гүл гүлдеді. Оны қызықтағысы келетіндер гүлдің небары 72 сағат гүлдейтінін білуі тиіс.

Мейзе қаласындағы ботаникалық бақ аумағында ғаламшардағы алып гүл гүлдеді. Оның атауы –  Алып аморфофаллус (Amorphophallus titanum). Гүлдің биіктігі – 1,9 м, ал салмағы –  18 келі. Негізі оның ұзындығы – 2,5 м, ал ені  – 1,5 метрге дейін жетуі мүмкін.

Amorphophallus titanum гүлі бес-он жылда бір рет қана небары 72 сағатқа гүлдейді. Алайда одан өлген балықтың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығады. 

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік