36000 кунг-фу үйренуші алаңда біркелкі қимыл жасады

36000 кунг-фу үйренуші алаңда біркелкі қимыл жасады
Фото: www.youtube.com

Қытай елінің кунг-фу оқушылары бірге кунг-фу қимылдарын жасады. Олар – Шаолинь Тагоу (Shaolin Tagou) мектебінің тәрбиеленушілері. 36000 тәрбиеленушінің біркелкі жасаған қимылын режиссер Индиго Вестмейер (Inigo Westmeier) түсірген. Айта кететіні, бұл мектепте ұлдар мен қыздар қатар тәрбиеленеді. Енді ғана бойжетіп келе жатқан қыздардың қайсар мінезі мақтауға тұрарлық. Тамашалаймыз!

Н. Нұрмаханұлы