4 жасында ғаламтор жұлдызына айналған пианиношы

4 жасында ғаламтор жұлдызына айналған пианиношы
Фото: www.youtube.com

Бұл кішкентай балақайдың есімі Энди Ли, оны ата-анасы жай ғана Цун-Цун (Tsung Tsung) деп атайды. Ол Гонконг қаласының тумасы. Энди небары 3 жасында күйсандық ойнауды үйренеді. Ал 4 жасында нағыз ғаламтор жұлдызына айналады. Бойындағы ерекше талантының арқасында ол қазіргі таңда жеке концертін беріп жүр.

Ғаламтор жұлдызы Американың ABC News, Жапонияның NHK телеарналарына сұхбат берген. "Steinway International Piano Competition" музыкалық байқауының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар Американың «The Ellen Degeneres Show», 2012 жылы Кореяның “Star King” шоу бағдарламаларына шақырту алған екен.

Эндидің 4 жасында ойнаған әуені www.youtube.com әлеуметтік желісінде он миллионнан астам көрілім жинаған. Оның пионинода ойнағанын көрген тыңдармандар: "Менің жасым он төртте және мен жақында ғана күйсандықта "Кариб теңізі қарақшылар" саундтрегін ойнауды үйрендім. Бұл видеоны көргеннен кейін мен өзімді қаншалықты аянышты екенімді түсіндім", - деп жазады.

Төменде Цун-Цунның 4 жасында пионино ойнаған кезі:

Коңцертінен үзінді:

Н. Нұрмаханұлы