Туристер білмейтін жанға жайлы қалалар

Туристер білмейтін жанға жайлы қалалар
Фото: http://tripmydream.com/

Егер шетелге сапар шеккенде, елдің бәрі баратын үйреншікті елдерге барғыңыз келмесе, төмендегі Еуропа қалаларына назар салып көріңіз. Олар көз үйренген танымал астаналар қасында сүйкімді көрінеді әрі онда тыныш, тамаша демалуға болады.

Бахарах, Германия

Бұл қаланы кезінде Виктор Гюго «әлемдегі ең таңғаларлық қала» деп бағалаған, бүгін де бұл пікірмен келіспеске шара жоқ. Атақты жазушы кезеңінен бері көп нәрсе өзгере қоймаған. Қайың бөренесімен сәнделген, қаңқадан құралған үйлер, ұлу тастар төселген жолдар, ескі шіркеулер – қаз-қалпында тұр. Мұнда қаланың визит карточкасына айналған шараптан және қышқыл орамжапырақ қосылған дәстүрлі шұжықтан дәм тату үшін баруға болады.


Манарола,  Италия

Италияға саяхат жасай қалсаңыз, ат басын елдің солтүстігіне бұрып, Чинкве-Терре ұлттық паркіне барсаңыз болады. Ол жер асты жолымен жалғанған, құзға тұрғызылған бес шағын мекеннен тұрады.

Манарола – барлық қала ішіндегі ең әдемісі. Түрлі-түсті үйшіктер тауды қоршай салынған. Шағын қайықты жалға алып, қаланы теңізден тамашалауға болады.


Гент, Бельгия

Еуропалықтар арасында танымал болғанымен, біздің саяхатшыларға беймәлім кішкене ғана Гент қалашығын бельгиялық Венеция деуге болады. Онда кішкене кемелер жүретін Лис атты өзендер тізбегі бар. Қаланың көрікті жерлері тым көп емес, бірақ мұнда әрбір үй ескерткіш секілді әсер қалдырады.

 

Мостар, Босния мен Герцеговина

Туристер Мостар секілді кішкене қалаға мән бермейді. Бекер! Нағыз жанға жайлы да бейнелі жер осы. Ол XV ғасырда Неретва өзені жағалауында құрылған. Қаншама қырғын-соғысты бастан өткізсе де, ғайыптан тайып тарихи орталыққа айналып, бүгінге дейін сақталып қалды. Мостар — екі жартасты жағалауды жалғастыратын ескі көпірімен ерекшеленеді.

 

Блед,  Словения

Шипажайлық Блед қаласы – табиғаттан ләззат ала алатындар үшін нағыз жұмақ. Мұнда қалада қыдырып, мөлдір көлге шомылып, таза ауамен тыныстауға мүмкіндік бар. Оқшауланған қалашық тек табиғатымен емес, көл ортасында жасыл аралды алып тұрған айрықша шіркеуімен ерекшеленеді.

Ал сізде мүмкіндік пен таңдау болса, қайсысына барар едіңіз?

@. @assel_assanova