Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жаз. Қайда барып демаламын?

Жаз. Қайда барып демаламын?

Жаз. Қайда барып демаламын?

Жаз – еңбек демалыстарының маусымы. Жыл бойы бар энергиясын жұмысқа салып, бірқалыпты тіршіліктен жалыққан кез келген жұмысшы еңбек демалысын естен кетпес әрі пайдалы етіп өткізгісі келеді. Мұндайда бірі отбасымен бірге қалып жатса, екіншісі ауылды аймаққа кетіп жатады. Ал олардың басым көпшілігі еңбек демалысын шетелде өткізгенді құп көреді. 

Бұл біріншіден, жаңа жер көруге деген құмарлық болса, екіншіден, отандық демалыс орындарының сапасы сыныққа сылтау болып отыр. Сондай-ақ, еліміздің алдыңғы қатарлы демалыс орындарының бағасы көңіл қуантарлықтай емес. Қапшағайдағы бір күніңіз – 50 доллар, Бурабайда – 100 доллар, Каспий жағалауында – 50 доллар, Алакөлде – 40 долларды құрайды. Осыдан кейін шетел аспай көріңіз!

Соңғы жылдары қазақстандық туристердің басым көпшілігі Түркияны таңдап отыр. Бұл аймақ үнемдеуге ыңғайлы болса, екінші жағынан, сіз бұл жерде 30 күн бойы визасыз жүре аласыз. Түркияның шипажайлық аумағындағы бір апталық демалыс 90000 теңгені құрайды (жолақысын қоспағанда). Алайда, Түркияда орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар отандастарымызды үрейлендіріп алған секілді. Былтырғы жылы онда 182 263 қазақстандық демалып келген болса (бұл демалысқа шыққандардың 90%-ын құрайды), биылғы жылғы көрсеткіш бұдан әлдеқайда төменірек келеді.

Біріккен Араб Әмірлігі – өзінің қатаң тәртіптеріне (ішімдікті шектеу, темекіге тыйым) қарамастан, қазақстандықтардың таңдауының екінші орнында тұр. 2012 жылы 21 430 қазақстандық осы мемлекетке сапар шеккен, оның 20 328-і еңбек демалысын өткізуге барған. Дубайдағы үш жұлдызды қонақ үйдегі жеті күндік демалысқа 110 000 теңгеңізді шығындайсыз. Ал Араб Әмірлігіне визаны 12 000 теңгеге аласыз.

Таңдаудың үшінші тізімінде Тайланд елі тұрған көрінеді. Былтырғы жылы бұл мемлекетке 10 114 қазақстандық барып қайтқан. Эксперттердің сараптауынша, отандастарымыз Тайландтағы жанға жайлы ауа-райын іздеп барады екен. Расымен де, "жауынды маусымдарды" айтпағанда, бұл жердегі ауа-райы еңбек демалысының сәнін келтіре алады. 

Демалыстың қаржылай жағдайына тоқталатын болсақ, Тайландтағы үш жұлдызды қонақ үйде 10 күнімді өткіземін десеңіз, 100 000 теңгеңізді дайындай беріңіз. Визаның құны – 20 доллар. Туроператорлардың айтуынша, біздің елдің тұрғындары үшін виза тез әрі оңай жасалады. Егер де турист Тайландтағы демалысын 15 күннен кем уақытқа жоспарлайтын болса, визаны осы мемлекетке келе салысымен жасатуға болады.

2013 жылы қалталы қазақстандықтардың таңдауы Болгарияға да түсіп отырған секілді. Визаның құны – 90 еуроны құрайды. Болгариядағы жағажайлық аймақтар, еуропалық сервис, емдеуге арналған минералды бұлақтар, тілдік кедергілердің жоқтығы сізді де қызықтырады деген ойдамыз. Болгар тілі орыс тілімен өте ұқсас келетіндіктен, аудармашының көмегіне жүгінбесеңіз де болады.

Сондай-ақ, Чехияға деген сұраныс жыл өткен сайын өсіп келеді. Мәселен, былтырғы жылы Чехияда демалған қазақстандық туристердің саны 2011 жылмен салыстырғанда 12%-ға өскен.

Біздің мемлекетте экзотикалық демалысты сүйетіндер де табылып жатыр. Қазақстандық туризм ассоциациясы былтырғы жылы Доминикан Республикасына 116 турист, Оңтүстік Африкаға 116 турист барып келгендігін айтып отыр. Қалталы қазақстандықтар Буркина-Фасо, Гвинея, Эквадор жерлеріне, Сейшелы және Мальдив аралдарына барып келе алады. 2012 жылы Қытайдағы еңбек демалысын өткізген туристердің саны – 7,5 мың.

Былтырғы жылы біздің отандастарымыздың аяқ баспаған елдерінің тізімі төмендегідей: Албания, Гренландия, Гернси, Йемен, Бахрейн патшалығы, Тринидад және Тобаго, Гвинея-Бисау, Мадагаскар, Палестина аймағы, Кокос аралдары.

Сонымен қатар, визасыз сапар шегуге болатын елдердің тізімін көрсете кетейік (немесе шетелге жеткен соң рәсімдеуге болатындарын): Грузия, Малайзия, Молдова, Түркия, Тайланд, Украина, Беларусь, Қазақстанмен шекаралас елдер (Қытайдан басқа), Барбадос, Кения, Ямайка, Сингапур (96 сағат), Шри-Ланка, Сейшелы, Иордания, Эфиопия, Сирия, Мальдив аралдары, Доминикан Республикасы, Эквадор, Солтүстік Кипр және т.б.

 

Суреттер:yvision.kz, tour-bezzabot.ru, veterspb.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3707 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 маусым 2013, 14:25
Пікірлер
+0
25 маусым 2013, 13:41

Бәрі қалтаның қалыңдығына байланысты. :roll:

+0
25 маусым 2013, 14:22

Қазіргі заманда қол жетімді дүниелер ғой. Құдай қаласа, бұларды да көрерміз.

+0
25 маусым 2013, 17:42

Ел, жер көргенге не жетсін ә?

+0
25 маусым 2013, 21:37

күрекпен зембілге барамыз басқа қайда барамыз :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...