Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Сапарда теңіз ауруына шалдықсаңыз

Сапарда теңіз ауруына шалдықсаңыз

Сапарда теңіз ауруына шалдықсаңыз

Ұшақ, пойыз, көлікпен кетіп бара жатқанда жүрегіңіз айнып, қозғалыс кезінде басыңыз айналып, өзіңізді нашар сезінсеңіз сіз «теңіз ауруына» шалдыққансыз. Теңіз ауруы не кинетоз қозғалыс кезінде пайда болатын дерт.

Қозғалыс кезінде адам ағзасы тербеледі. Сол кезде иммунитеті төмен жандардың басы айналып, жүрегі айниды. Мұндай жандар саяхаттауды былай қойғанда тіпті, саябақтардағы аттракцион қызығын көре алмайды. Ұзақ жолға шыдай алмайды. Қайта-қайта құсып, басы айналып, әлсіздік танытады. 

Әуелгі бастан, бұл ауруға теңіз саяхатшылары кенелген. Су үстіндегі қозғалысқа шыдай алмай олар өздерін нашар сезінген. Сондықтан да, оны «теңіз ауруы» деп атап кеткен. Қан аздығы, қан қысымының жоғары я төмен болуы, ағзадағы йод, кальций, калий элементтерінің қажетті мөлшерден төмен болуы теңіз ауруына әкеп соғады. Теңіз ауруына ер азаматтарға қарағанда нәзік жандылар көбірек душар болады екен. Сондай-ақ, 4-12 жастағы балалар теңіз ауруынан зардап шегеді.

Егер де кезекті демалысыңызды шетелде өткізуді жоспарлап, бірақ та алыс жолға қалай төтеп бере алатыңызды білмесеңіз, берер кеңесімізге назар аударыңыз.

  • Әуелі барар елдің ауа-райын біліп, алдын ала қажетті киімдермен қатар, шабаданға жылы көрпеше я қалың жемпір не күртеше салып алыңыз. Егер де жолда өзіңізді нашар сезініп, аяқ-қолыңыз тартылса, жылы көрпемен оранып алыңыз.
  • Пойызға мінсеңіз, астыңғы полкадағы орынға жайғасыңыз. Ұшақта болсаңыз, мүмкіндігінше, алдыңғы я ортаңғы қатардан орын алыңыз. Терезе жанында жайғасудың еш қажеті жоқ. Автокөлікке мінсеңіз, алдыңғы орынға отырғаныңыз абзал. Су көлігі болса, жоғары палубаның ортаңғы жағындағы орындарды таңдаңыз.
  • Сапар кезінде басыңыз айналса, алысқа қарап, көзіңізді ашып-жұмып  жаттығу жасаңыз.
  • Жол алдында көп мөлшерде тамақтанудың қажеті жоқ. Майлы әрі қуырылған тағамдардан аулақ болыңыз. Сапар алдында жидектерден дәм татқан жөн.
  • Сапар кезінде алкогольді ішімдіктер мен газдалған сусындарды пайдаланбаған жөн. Орнына жеміс-жидек шырынын, минералды су, ыстық шәй не кофе ішіңіз.
  • Жолға шыққанда жайлы киім киген абзал.
  • Өзіңізбен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
  • Қалтаңызда тәтті кәмпит, шәрбет салып алыңыз, өзіңізді нашар сезінген бойда оларды пайдаланыңыз. Сондай-ақ, сөмкеңізге жемістерден алма, апельсин, банан, көкөністерден қызанақ, сәбіз, қияр салып алыңыз.
  • Сапар кезінде аяқ-қолыңызды уқалап, ары-бері жүріңіз. Көп қимылдаңыз, кітап оқып, баяу музыка тыңдаңыз.
  • Өзіңізбен бірге пластикалық дорба я қағаз пакет алып алыңыз, жүрек айныған кезде қажет болады.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: mamka.ru, great.az

719 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 шілде 2012, 16:20
Пікірлер
+0
12 шілде 2012, 16:59

Әпкем жолды көтере алмайды, салафан мен құртын ылғи арқалап жүреді, соған керек кеңестер екен...

+0
12 шілде 2012, 17:02

Есімде бір кішкентай бала аяғыма құсып жіберген автобуста. Бір жаман болып қалғанмын. Содан кейін келесі аялдамадан зытып шығып, жан-жаққа қарап, су іздеп, оны тауып, аяғымды жуып өз өзіме келгенмін

+0
12 шілде 2012, 22:00

йоо маған керек екен, машина мен автобуста өліп қала жаздаймын ғой :x

+0
13 шілде 2012, 08:52

Мәссаған!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...