Көзге көрінбейтін көпір

Көзге көрінбейтін көпір

Көзге оңайлықпен көріне қоймайтын көпір Хальстерен қалашығының Форт-де-Рувер ауданында орналасқан. Ол XVII ғасыр құрылыс нысандарын қайта қалпына келтіру кезінде салынған. Бұл көпірдің екінші атауы - «Моисейдің сиқырлы көпірі». Көпірге алыстан қарасаңыз, көзге бірден көріне қоймайды.   

Көпір құрылысын RO&AD компаниясының архитекторлары орындаған. Ал оған Ро Костера мен Ад Кила есімді білікті мамандар жетекшілік еткен. Компания мамандары құрылысқа инновациялық технологияларды толығымен пайдаланған. Көпір «Аккойа» деген арнайы діңгек ағашынан жасалыпты. Бұл - Ангелим вермело (Angelim vermelho) ағашының ацетиленмен өнделген түрі. Осының арқасында көпір 50 жылға дейін халық мүддесіне ұзақ уақыт бойы қызмет етуде. Сонымен қатар жаңбырлы күні көпірді судан құрғақ ұстап тұру үшін оған арнайы құрылғы қарастылыған. 

Көлемі 50 шаршы метр болатын құрылысқа 250 000 еуро ақша жұмсалған. Кейіннен құрылыс нысаны аяқталғаннан кейін бұл мекенге «Голландия архитекторлар одағы» деген атақ берілген.

Оқи отырыңыз: 

Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз

Қытайда ергежейлілерге арналған ауыл бар

"National Geographic" конкурсындағы ең үздік суреттер

Германияда суды бензинге айналдыратын машина ойлап табылды

Сурет: exogid.com

Н. Нұрмаханұлы