Қытайда ергежейлілерге арналған ауыл бар

Қытайда ергежейлілерге арналған ауыл бар

Кішкентай адамдар әмірлігі — Қытай елінің әлемдегі теңдесі жоқ жобасы. Ол Қытайдың Кунмин провинциясында жүзеге асқан.

Қытайда бойы 130 см аспайтын адамдардың қоғамға жақсы бейімделе алмауына байланысты тек ергежейлілерге ғана арналған ауыл бой көтерген. Бұл ауыл тұрғындарының бойлары аласа болғанымен, өнерге өте бай. Себебі, жергілікті тұрғындар шет тілін біледі, ән шырқайды. Олардың негізгі қызметі – келген туристерді театрландырылған қойылыммен көңілдерін көтеру. Ергежейлілердің жас мөлшері 19-48 жас аралығында.

Үкімет басшылары бойы аласа жандар халық арасында дұрыс бағалана алмағандықтан осындай қадамға барған. Себебі, олар көлікке отыру кезінде, жұмысқа орналасу кезінде қиындықтарға жиі тап болып жатады.

Оқи отырыңыз: 

Телефонға телмірген тағдырлар

Әлемдегі ең қызықты айыппұлдар

Сан-Франциско қаласының мэрі атанған ит

Бұл қызық: Мортал Комбат жауынгері лифтте (видео)

Сурет: www.geoscope.info

Н. Нұрмаханұлы