Әлемдегі ең ірі тоналған банктер

Әлемдегі ең ірі тоналған банктер

1982 жылы Испания банктерінің бірі тоналды. Оған көршілес орналасқан қонақ үй себепші болған. Қонақ үй бөлмесін үш адам жалдап алады. Бір күні олар банкке жанасқан бөлме қабырғасын бұзып, оңай кірген. Тонаушылар банктен 15 миллион долларды жымқырып кеткен.

1987 жылы Лондон қаласының Найтсбридж банкі бір күннің ішінде 175 миллион долларға шығындалып тақырға отырған. Тонауға екі адам қатысқан көрінеді. Олар екеуі банкте сақталған ақшасын тексермек болып, ақша қоймасына кіреді. Қалталарына тапашаларын жасырып қояды. Екі ұры банк клиенті болғандықтан, банк күзетшілері оларға назар аудара қоймаса керек. Сөйтіп тонаушылар миллиондаған ақшаны ұрлап кетеді.

2005 жылы белгісіз бір топ Бразилия Орталық банкіне алдын-ала жоспарланған тонау операциясын ұйымдастырған. Тонаушылар банкке жақын аумақта үй жалдайды. Ол үйдің астынан банкке қарай бағытталған жер асты жолын қазған. Жер асты жолында шахталық вентиляция, жарықтандыру құрылғысы секілді қолайлы жағдайлар қарастырылған. Осының арқасында олар 60 миллион долларды қалтасына басып, тайып тұрған.

2006 жылы Англияда біреулер полиция киімінде банк менеджерінің артынан жүріп отырып, банк көлігін заңсыз тоқтады.  Тонаушылар банк автокөлігі арқылы банкке оңай кіріп, 90 миллион долларды өздерімен біге алып, бой тасалап кеткен.

Әлемде тонаудың сан алуан түрі бар. Мысалы, алғашқы кездері ұрылар үй мүліктерін, керуендерді тонаған. Ондай нәрсені болдырмас үшін қазір қолма-қол және электронды ақша тасымалдары пайда болды. Алайда, оған қарамастан қарақшылардың қолы түбегейлі кісенделмеді.

Алғашқы телеграф ақша тасымалы 1871 жылы жүзеге асырылды. Алайда, ол бірер күнді керек еткен. Кейіннен электронды ақша тасымалының жылдамдығы артқан соң, адамдар оны көптеп пайдалана бастаған.

Оқи отырыңыз: 

Қалай ақша табуға болады?

Ақша айналысының құрылымы

Байлар ақша үшін қызмет жасамайды

Жігіттерге кеңес: Ақша үнемдеудің 14 тәсілі

Сурет: www.fotomonitor

Н. Нұрмаханұлы