Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Жігіттерге кеңес: Ақша үнемдеудің 14 тәсілі

Жігіттерге кеңес: Ақша үнемдеудің 14 тәсілі

Жігіттерге кеңес: Ақша үнемдеудің 14 тәсілі

Ақша үнемдегің келе ме? Артық шығыннан құтылғың келе ме? Онда төмендегі "пайдалы кеңесімізге" құлақ ас!

  1. Ерекше жағдай болмаса, қалтаға 500 теңгеден артық ақша салма. Бұл арқылы өзіңді көп шығыннан тежеуге болады. Достарың не қызметтестерің қонақ етуді талап етсе, күлімсіреп қана ақша қапшығыңды ашып көрсетіп, өзіңнің арман бар да, дәрмен жоқ күйіңді білдіре аласың.
  2. Достарыңмен ешқашан футбол немесе басқа да ойын түрлері үшін бәске түспе. Ал бәстесуге тура келсе, өтемақы – тегін нәрселер болсын.
  3. Әсте өз ақшаңа газет не журнал сатып алма, газетті интернеттен-ақ көре аласың. Ал журналға ешқашан жаңалық басылмайды. Сондықтан кейіндеп қарызға ала тұрып, асықпай оқып аласың.
  4. Қыздармен базарға баруға тура келгенде қарсылық білдір. Немесе, 1-әдісті қолдан.
  5. Уақытты тура есептей алсаң, түскі ас пен кешкі асты біржола атқаруға болады.
  6. Достарыңмен тамақ ішіп болған соң, есеп жасайтын кезде барынша сол жағында тұруға тырыс. Сен оң қолыңды қалтаңа жүгірткенде, оп-оңай оның қарсылығына жолығасың. Сонымен ақшаны ол төлейді. Егер досың «шық бермес» болса, оқасы жоқ, 7-8-9-әдістер әлі алда.
  7. Егер достарыңның ішінде әдемі қыздар болса, бұл сіз үшін тіпті де жеңілдік тудырар жай. Есеп жасау үшін, күтуші қызды дауыстап шақыр. Сонда өзгелер әдемі қыздардың алдында сенен де мәрт болып шыға келеді. Сонымен ақша төлеу «құқығын» басқалар өткізіп алады.
  8. Жаныңа ескі банк картасын салып ал. Әрине уақыты өткен картаны күтуші саған қайтып әкеліп, істете алмағанын айтады. Сол кезде қынжылған әлпетпен 1-шараны қолдан. Сонда ғана, «амалсыздан» ақша жиып төлеуге тура келеді. Ертең қайтарып беруге уәде етесің ғой, бірақ, ас-тағам – ешқашан қарыз емес.
  9. Бір амалдап телефоныңды сайрат. «Жұмысым шығып қалды» дейсің де, есеп жасаудан бұрын тайып тұрасың.  
  10. Сүйіктіңе гүл сыйлау керек болса, бір тал гүл ғана сыйла. «Көңілімде жалғыз сен ғана барсың» дегенді қосып қоюды ұмытпа.
  11. Кешкісін кеңседе қалып қосымша жұмыс жасауға тырыс. Бұлай болғанда: Кеңсенің желдеткішін пайдалана аласың. Кеңседегі компьютермен интернетке шығып, үйдің интернет ақысын тежей аласың, кеңсенің телефонымен қалаған адамыңмен еркін сөйлесе аласың, кешкісін ақша жұмсайтын уақытың қысқарады. Ең бастысы бастығыңыз бұл отырысыңызды көрсе, айлығыңның өсіп қалуы да ғажап емес.
  12. Егер махаббаттыңды кезіктірсең, той жасауға асық. Қыз күнінде ол үшін ақшаны көп жұмсайсың, ал әйелдікке алған соң ақша жұмсауыңа ол қоса қарсы болады. Солай емес пе? Асығыңыз!
  13. Туған күніңді өзгелерге білдірмеуге тырыс. Туған күнің үшін алған сыйлықтың қарымтасы болады. Ал ол кірісінен гөрі шығыны көп шаруа.
  14. Өзін нағыз азаматпын деп есептейтін жігіттер мына жазбаны оқыған соң ашуын тежей білсін. Ашулану – денсаулыққа зиянды. Сонда ғана сен дәрігерге көріну, дәрі алу секілді ақша жұмсайтын жайттардан сақтана аласың. (Бұларды әдіс-тәсіл деп емес, әзіл-қалжың деп қабылда)

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: fresher.ru

5578 11
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 01 қараша 2012, 23:58
Пікірлер
+0
01 қараша 2012, 21:19

:lol: :lol: :lol: джынды-джынды кеңестер ғой)))))

+1
02 қараша 2012, 10:43

соңғы баптағы сөз болмағанда..)) Не деп жатыр, деп келе жатыр ем

+0
02 қараша 2012, 12:02

жігіттер қандай, ә! :D

+0
02 қараша 2012, 14:07

:lol: :lol: :lol: қандай қу,я!

+0
02 қараша 2012, 15:22

Біздің жұмыстағы жігіттерге оқытпасам, айдың ортасына жетпей ақша сұрап жүреді бір бірінен )))

+0
02 қараша 2012, 16:44

:lol: :lol: :lol: мадес! қатырыпсыз!!!

+0
05 қараша 2012, 19:00

тәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәк :!:

+0
25 қараша 2012, 19:11

жақсы екен! ;)

+0
25 қараша 2012, 19:22

маған ең керекті деген ақылдар осы екен. Жағдайымызға қарасып жүрген авторға рахмет! )))

+1
29 қаңтар 2013, 21:07

Егер махаббаттыңды кезіктірсең, той жасауға асық. :D

+0
29 сәуір 2015, 01:02

Күшті күшті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...