Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Тайландқа жолыңыз түссе...

Тайландқа жолыңыз түссе...

Тайландқа жолыңыз түссе...

Тайландқа жолыңыз түсе қалса, төмендегі кеңестерімізді қаперіңізде ұстай жүріңіз!

1. Дурианнан дәм татыңыз. Иісі мүңкіп тұратын жемістің дәмін тату рәсіміне кіріспес бұрын қатты бір деміңізді шығарып, мұрныңызды қысыңыз, содан кейін барып аузыңызға... Сіз бұрын-соңды көрмеген біртүрлі қызық дәмнен ләззат аласыз!

2. Массажға барыңыз. Аты аңызға айналған тайлық массажға қалай ғана бас сұқпайсыз? 1000-1500 теңге төлесеңіз болғаны, башпайыңыздан бастап, басыңызға дейін ерекше күйге бөленіп, жаңарып, жасарғандай боласыз. Егер сізге классикалық тайлық массаж ауыр болса, арома-массажды, майлы массажды, аяқ массажын жасатып көруге мүмкіндік бар.

3. Тәуекелге бел буып, көше тағамдарынан дәм татыңыз. Көшеге тігілген лашықтарда сатылатын кеспе, кәуап, банан құймақтарын татып көрмес бұрын, ойланатыныңыз хақ. Десе де, Тайландқа бір барғанда санитарлық ережелерге көз жұма қарап, күлкілі бағаларға өте-өте дәмді тағамдарды тойып жеуге неге болмасқа?

4. Full Moon Party шарасында билеңіз. Пангане аралындағы жағалауға әрбір кеш сайын 10-20 мың адам жиналады. Таңға дейін асыр салудан тайсалмайтын туристер бидің адамға берер әсерінің ерекше екендігін айтады. Бояулар теңізі, коктейль және жаңа таныстықтар... Бас тартасыз ба?

5. Скутерде серуендеңіз. Скутердер немесе мопедтер тайлық жолдардың патшасы. Самал желдің құшағындағы теңіз жағасы мен орманда скутермен серуен құру автобуспен жүргеннен әлдеқайда қызығырақ екендігіне сеніңіз! Жүрексінсеңіз, мотто-такси қызметіне жүгінуге болады.

6. Тайлық Жаңа Жылға қатысып көріңіз. Сонгкран мейрамы сәуір айының орта тұсында атап өтіледі. Бұл күні көшеге су толтырылған цистерналар шығып, шомылу, шомылдыру рәсімдері басталып кетеді. Қысқасы, салт-дәстүрлердің куәгері атанғыңыз келсе, Сонгкран мейрамына қатысыңыз!

7. Тайлық боксты тамашалаңыз. Өте қатал ережелерімен аты шыққан сайыстар сізді шошытуы мүмкін. Бірақ, ондай мықты соққыларды көруге болады! Додалар кез келген тайлық қалада, шипажайда, көлемді стадиондарда, шағын алаңдарда, туристік орталықтарда өткізіледі.

8. Джунглиды кезуге кім кедергі? Мұны жалғыз атқаруға болмайтын тайлық ең танымал сауықтардың бірі десе де болады. Қауіпсіздік үшін жолнұсқаушы сайлап алыңыз. Тәжірибиелі маман сізді тропикалық табиғаттың қыр-сырымен таныстырып, талай қызықтың бетін ашады. Жаяу жүру міндетті емес. Сонымен қатар, канаттық жолды пайдалануға да болады.

9. Түнгі базарларға шығындалыңыз. Жергілікті қолөнершілердің бұйымдарын, тай жібегінен жасалған халаттарды, арзан киімдер мен әшекей бұйымдарды, кокос майынан жасалған косметикаларды, үй шаруасына ауадай қажетті заттарды осы жерден оп-оңай және арзан бағаға табасыз. Керек десеңіз, түнгі жәрмеңкеге мұражай аралағандай барып-қайтуға да болады. Қалай болғанда да, өкініп қалмас үшін бос қалтамен бармаған жөн.

10. Бунгалода (тропиктік аймақта салынатын жеңіл тұрғын жай) өмір сүріп көріңіз. Теңіз шуылына құлақ түріп жатып, тәтті ұйқы құшағына еніп, жағалау таңын қарсы алу... Ғажап емес пе? Ағаш қабырғалы үйдегі демалыстан артық романтика жоқ секілді. Егер сіз алдын ала қонақ үйге тапсырыс беріп қойған болсаңыз, тым болмаса бір түніңізді бунгалода өткізіп көріңіз. Онша қымбат емес. Ең қымбат дегендерінің өзі 2000-3000-ды құрайды.

11. Аралдарды аралаңыз. Сиам бұғазының суы мен Адаманда теңізі кокосты аралдар мен архипелагтарға толы. Ақшақардай жағалаулар, пальмалы тоғай, сарқырама, дайвинг... Мұндай ғажап мекендер түскен суреттерді айтсаңызшы!

Әрине, бұл жай ғана біз ұсынған кеңестер. Демалысыңызды қалай және қайда өткізуді сіздің патша көңіліңіз ғана шеше алады. Біз тек қана сапарыңыз сәтті болсын дей аламыз!


Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5209 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 сәуір 2013, 18:49
Пікірлер
+0
18 сәуір 2013, 21:35

әдемі екен әрі арзан! Ақша жинау керек 8-)

+0
19 сәуір 2013, 11:20

ох шіркін

+0
19 сәуір 2013, 11:46

баруға болады екен!!!

+0
19 сәуір 2013, 16:05

Шіркін ай!!! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...