Түркиядағы теракттың себебінен 2 адам өлді

Түркиядағы теракттың себебінен 2 адам өлді
Фото: lenta.ru

Түркияның оңтүстік-шығысында теракт болды, - деп жазады Reuters. Жарылыстың себебінен екі әскери қызметкер қаза тауып, 4 адам жарақат алды. 

Билік өкілдерінің айтуынша, оқиға Түркиядағы Диярбақыр елдімекенінде болған. Ауыл маңындағы жолда тұрған жеңіл көлік әскери конвой жақындағанда жарылған. Айта кетелік, Диярбақырда өмір сүретін халықтың басым бөлігі – күрдтер. 

Шенеуніктердің айтуынша, терактты Күрдістанның жұмысшылар паритиясы ұйымдастырған.


М. Бисембаева