Түркия өзінің алғашқы ғарыш айлағын салады

Түркия өзінің алғашқы ғарыш айлағын салады

Түркия аймағында елдегі бірінші ғарыш айлағы салынып, ғарыш кеңістігін зерттеу институты (Uzay Ajansı) құрылады, деп хабарлайды Trend.az. Бұл туралы inform.kz жазды.

«Ғарыш айлағы мен ғарыш кеңістігін зерттеу институты Түркиядағы орталық провинциялардың бірінде салынады», - деді Түркия көлік, кеме қатынасы және коммуникациялар министрі Лютфи Эльван.

Ғарыш айлағының құрылысынан кейін Түркия онда отандық спутниктерді ұшыру, сондай-ақ, ұшыру кешендерін жалға беру жоспарлануда.

Барлық түрік спутниктері ғарышқа қазақстандық «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қытайдың «Жиугуан» базасынан ұшырылып келе жатыр.

2019 жылы ел Türksat-3A жерсерігін аттандыруды көздеп отыр. 

сурет: interpolit.ru

Е. Қайрахан