«Скейтбордшы» мысық ғаламтор жұлдызына айналды (Видео)

«Скейтбордшы» мысық ғаламтор жұлдызына айналды (Видео)

Аустралияда  Диджа атты «скейтбордшы» мысық YouTube порталының жұлдызына айналды, деп жазады 24.kz. Төрт дөңгелекті тақтайды айдауды шебер меңгерген үй жануарының өнерін ғаламторда 5,5 миллион адам тамашалаған.

Қазір тіпті оның YouTube-те өз жеке арнасы да бар. «Скейтбордқа мініп, қалалық жағажайды аралау - Диджаның күнделікті сүйікті ісі. Ол – нағыз спортшы. Ал көршілердің иттері оған мүлде жоламайды»,-дейді оның иесі. Жалпы төрт аяқтыны спорттың бұл түріне Роберт Доллуэт атты жануар үйретуші машықтандырған. Ал бейнероликті кәсіби етіп түсіру үшін 1 жылдан астам уақыт кеткен.  

сурет: youtube.com

Е. Қайрахан