Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / EXPO-2017 Астанада өтетін болды

EXPO-2017 Астанада өтетін болды

EXPO-2017 Астанада өтетін болды

Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды. Дауыс берудің қорытындысы жаңа ғана, Парижде өтіп жатқан EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

161 елдің жасырын дауыс беру қорытындысы EXPO-2017 көрмесі өтетін қаланы анықтады. Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. 

Еске сала кетсек, ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласқа түсті. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынған болатын. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. 

2011 жылдың маусым айында Париждегі Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауапты хатшысы, ҚР-дағы ЕХРО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев қазақстандық үкіметтің атынан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске 2017 жылы Астанада ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған өтінімді ұсынды. 2011 жылдың қарашасында-ақ ХКБ Бас Ассамблеясының 150-ші сессиясында Қазақстан делегациясы ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Астана таныстырды. 

Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде.  

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигі жылсайынғы «Cannes Corporate Media & TV Awards» фестивалінде «Корпоративті фильм» санаты бойынша күміс дельфинге ие болғандығын айтқан болатынбыз.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: worldofad.asia

Қосылған күні: 22 қараша 2012, 23:01
Тегтер: ЭКСПО-2017, Астана,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.