- Негізгі бет
- Кино
- Қазақстандық роликке Каннда...
Қазақстандық роликке Каннда жүлде бұйырды
Astana Expo-2017-ге қолдау көрсету мақсатында түсірілген фильм Канн фестивалінде сыйлыққа ие болды. Бұл туралы Қазақстан Респуликасының экономикалық даму және сауда министрлігінің сауда комитеті хабарлады.
"Үстіміздегі жылдың 18 қазанында Cannes Corporate Media & TV Awards фестивалінде экономикалық даму және сауда министрлігінің мұрындық болуымен түсірілген Astana Expo 2017 - The Great Expectation of Kazakhstan фильмі "Күміс дельфин" сыйлығы мен "Корпоративтік фильм" категориясының жүлдесін ұтып алды. Лента Бүікләлемдік EXPO жәрмеңкесін Астана қаласында өткізуге итермелеу мақсатында дүниеге келген болатын", - делінген таратылған ақпаратта.
Осы орайда комитеттің төрағасы Айдар Қазыбаев: "Astana Expo 2017 - The Great Expectation of Kazakhstan фильмінің мұндай биікке көтерілуі біз үшін күтпеген жағдай болды. Бүгін корпоративтік фильмдер фестивалінде жеңіске жетсек, ертең EXPO-2017 жәрмеңкесін өткізу құқығын ұтып аламыз деп ойлаймын", - деп сұхбат берді.
Айта кетелік, биыл аталған фестивальге ТМД елдері мен Ресейден көптеген фильмдер қатысты. Бұл елдердің берген өтініштерінің ұзын саны - 65. Қазақстаннан сөз болып отырған роликтен басқа екі фильм ұсынылды. Дегенмен тек The Great Expectation of Kazakhstan ғана төрешілердің көңілінен шығып, биікке көтерілді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: inform.kz
Қ. Қауымбек