Алматыдан 346 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 346 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото: Massaget.kz

Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 13 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 05.02-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 346 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,5, тереңдігі - 5 шақырым. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәжікстанда болған жер сілкінісі қазақстандықтарға сезілген еді. 7 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 13.50-де Душанбеден шығысқа қарай 364 шақырым қашықтықта магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісі Өзбекстан мен Қырғызстанда да сезілді. Алматыда тербеліс күші 2-3 балл, ал Тараз бен Шымкентте 3-4 балл болды.

Дереккөзі: Tengrinews.kz

Қ. Бүйенбай