Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / 7 мамыр... Не сыйлаймын?

7 мамыр... Не сыйлаймын?

7 мамыр... Не сыйлаймын?

Көптен күткен 7 мамыр да келіп жетті. Әкеңізге, жігітіңізге, досыңызға не сыйларыңызды білмей, біраз ойланған боларсыз? Әлбетте, санаулы аксессуарды қанағат тұтатын жігіттер қауымын таңғалдыру қиын-ақ. Дегенмен біздің 8 наурызда әлдебір тосын сый күткеніміз сияқты, олардың да ерекше көңіл мен сыйлық тосатыны сөзсіз. Тіпті, жігіттер мына жерде өз наздарын айтып қалған болатын. 

Иә, барахолканың галстугын сыйлайсыңдар деп ренжулері орынды-ақ. Бұл көбінде қалтаның ғана емес, идеяның да жетіспеушілігінен болып жатады. Сол себептен, бүгін жан-жақты қамтып, алдарыңызға сыйлық тізбегін жайып салғанды жөн көрдім. 

Қыздар, сыйлық алуға аттанбас бұрын, мына кеңестерді бір шолып шығу артық болмас. 

Ең алдымен әлбетте, жігіттің қызығушылығын ескеріңіз. 

  • Сыйлықтың көшбасшысы – кітап. Ол қай ғасырда болмасын, қызықты, пайдалы сыйлық болып қала бермек. Сүйіктіңіз үшін махаббат туралы кітаптар таптырмас сыйлық болмақ. 

  • Бүгінде техниканы пайдаланбайтын адам жоқтың қасы. Компьютер болсын, ұялы телефон болсын, бәріміздің серігімізге айналып кетті. Жігіттерге техно сыйлықтар ұнайтынына сенімдімін. Олар: тышқан, құлаққап, веб-камера, ноутбукқа, планшетке арналған сөмке (суреттегідей), Blu Ray, DVD плеер, электронды кітап, телефон, фотоаппарат, видеокамера т.б.

  • Спорттық құралдар сыйлауға да болады. Олар: доп, спорт сөмкесі, шлем, велосипед, гантель т.б. Сүйікті футбол командасының аты жазылған жейде керемет сыйлық болмақ. 

  • Жігіттердің аксессуарлары әдеттегі сыйлық болса да, оларға қуаныш сыйлайтыны анық. Көйлек, сағат, әмиян, белдік, көзілдірік т.б. сыйлауыңызға болады. 

  • Үйде не мейрамханада романтикалық кешкі ас ұйымдастыруға болады. Парашюттан секіру, атпен серуендеу сияқты ерекше сыйлықтар оның есінде қалары сөзсіз. 

  • Жігіттің темір тұлпары болса, машинаның бұйымдарын сыйға тартсаңыз жарасады. Сондай-ақ жігітке қолдан сыйлық жасап беруге болады. 
  • Камуфляж бұйымдары бұл мерекеде таптырмас сыйлық болмақ. 

  • Мынадай естелік сыйлықтарға қалай қарайсыз?

Бүгін – еліміздегі бар азаматтың мерекесі. Осы мерекеде жанына жақын азаматтарды қуанту да, мұңайту да нәзік жандылардың қолында. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін есте қаларлықтай етіп өткізулеріңізге тілектеспіз!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: fafka.ru, ru.aliexpress.com, kiev.ko.slando.ua, buro.ru, 

akak.ru, 320-8080.ru

10898 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 07 мамыр 2013, 12:37
Пікірлер
+0
07 мамыр 2013, 16:42

ешкімге ештеңе сыйламадым :oops: папаға тым болмаса бірлік салып жіберу керек еді, далаға шыққым келмей отырғаны)

+0
07 мамыр 2013, 21:35

Гранатадан басқасы боска әурешілік ... Бізге не керектігін қыз жазып тұрма?)

+0
08 мамыр 2013, 09:45

Шыңғысқа граната сыйлаңыздар :)

+0
07 мамыр 2013, 23:31

Келесі жылға жақсы идеялар екен биылға аз подарок боп қалды

+0
09 мамыр 2013, 02:40

Маған бәрі ұнады. Бірінші кітап дегенде көзім жарқ ете қалды-ау )))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...