Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Құлпынай тісті ағартады

Құлпынай тісті ағартады

Құлпынай тісті ағартады

Бәріміз де бала кезден адам ағзасына пайдалы жеміс-жидектерді сүйіп жейміз. Тіпті, кейбіріміз оның пайдасынан бейхабар болсақ та, тіл үйірер дәмі үшін қорек етеміз. Ал сіз құлпынайдың тісіңізді ағарта алатынын білесіз бе? Жоқ па?! Ендеше, тіс дәрігерінің есігін қақпас бұрын, құлпынайдың көмегіне жүгініп көріңіз.

Әдемі күлкі - кез келген қыз баласының арманы десе де болады. Өйткені, аппақ қардай күлкі айналаңыздағыларды сүйсіндіріп, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Осылайша сіз бір оқпен екі қоянды атып аласыз. Құлпынайдың дәмінен ләззат алып, әдемі күлкінің қожайыны атанасыз.

Сонымен, бізге не керек? Қолыңызға бірнеше піскен құлпынай мен жарты шәй қасық ас содасын алыңыз. Құлпынайды шұғыл ыдысқа езіп, ас содасымен араластырыңыз. Содан кейін тіс щеткасын алып (жұмсақ қылшықты болғаны дұрыс), тіс пастасы іспетті езбені жағыңыз да, тісіңізді айналдыра ысқылаңыз.

Немесе піскен құлпынайды ештеңемен қоспай-ақ, шырыны шыққанша тісті сипалап өтіңіз.

Құлпынайға эмальға әсер ету үшін бес минут уақыт беріңіз. Межелі уақыт өтісімен, тісті құрамында фтор бар тіс пастасымен жақсылап жуыңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз.

Бұл "тәтті рәсімнің" бар құпиясы - жидектің құрамында тіс эмалінің беткі қабатын еріте алатын қышқылдың көп болуынан деп біліңіз.

Сонымен қатар, құлпынаймен кофе, шарап, шоколад қалдықтарын да тазартуға болады.

Ескерту. Бұл әдісті жиі қолдана беруге болмайды. Жоғарыда айтылған қышқыл және ас содасы тісіңізге зиянын тигізуі мүмкін. Бұл деген күлкімен қоштасу деген сөз.

Бәрінің де өз мөлшерімен болғаны дұрыс. Сонда ғана аппақ қардай күлкімен жақындарыңызды баурап, қуаныш сыйлап жүре аласыз!

Суреттер:womanfaq.ru,imadesign.de 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

10609 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 14 наурыз 2013, 14:35
Пікірлер
+0
14 наурыз 2013, 14:36

міндетті түрде жасап көремін!

+0
14 наурыз 2013, 14:49

қыздарға керек шығар. біздерге керек емес.

+0
14 наурыз 2013, 14:54

ибааай неге? тісіңіз сап-сары болып кетсе көрер едік? :roll: :?

+0
15 наурыз 2013, 10:13

Ура, жаз келе жатыр барлық тәттілер піседі

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...