Тіс дәрігеріне барғыңыз келмесе...

Тіс дәрігеріне барғыңыз келмесе...
Фото: teeth.kiev.ua

Тіс дәрігерінен қорқатын адамдар көп. Олар оның табалдырын аттамас үшін тісінің сау болағын қалайды. Ал тіс ауырмау үшін не істеу керек?

Құрамында сілті (щёлочь) көп тағамдар жеңіз. Сілті сүйектерді қатайтып, сау болуына көмектеседі. Яғни, сілтіге бай тағамдарды көбірек жесеңіз, кариестің пайда болуының алдын аласыз. Мұндай тағамдардың қатарына көкөністер мен жемістер кіреді.

Қышқылдың деңгейін теңдестіріңіз. Ағзада қышқылдықтың көбеюі pH тепе-теңдігін бұзып, кальцийдің азаюына әкеп соғады. Ал кальций сүйектердің сау болуына көп әсері бар. Қышқыл және қанты көп тағамдарды аз қолдануға тырысыңыз.

Көкөністерді шикілей жеңіз. Отқа тиген көкөністер құнарлы заттарынан айрылып, жасушаларға пайдалы дәрумендері кемиді. Тым құрығанда, ара арасында шикілей жеп тұрыңыз, ағзаңыз барынша құнарлы заттарды алуы тиіс.

Шай ағашының майын қолданыңыз. Күнделікті тіс пастасымен қатар, тісіңізді шай ағашының майымен тазалаңыз. Бұл май ауыз қуысындағы барлық бактерияларды шайып, тістеріңіздің сау болуына зор үлес қосады.

Көбірек су ішіңіз. Судан сілекей құралады. Сілекейде ауыз қуысының денсаулығына маңызды ферменттер бар. Және де тістерді микробтардан қорғайды.

Аталған кеңестер тісіңіздің ауырмауының алдын алатын қарапайым қағидалар. Бұл тек қана тістеріңізді қорғап қоймай, ағзаңыздың да саулығына әсер етері сөзсіз.

Г. Берік