Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Тіс ауырса...

Тіс ауырса...

Тіс ауырса...

Тіс ауырса, кішкентай бала түгілі, үлкен кісілер мазаланып, есі кетеді. Тістің қақсағанына шыдамсыздық танытып, тыным таппай жатады. Бірі көбі тіс дәрігерінен қорқып, түрлі дәрі-дәрмектер ішіп, аурудың алдын жатса, бірі стоматологиялық ауруханаға жетуге асығады. Аяқ асты тісіңіз ауырған жағдайда қандай шара қолдану керектігі туралы білу үшін айтар кеңесімізге зер салыңыз.

Тістің аяқ асты ауыруына бірнеше себеп бар. Бұл тіске кариестің түсіп, қажалуынан немесе эмальдің әлсіреуінен пайда болуы мүмкін. Мұның да пайда болуы бірнеше себептерге байланысты: тәтті тағамдар мен газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сағызды ұзақ шайнау, тіс күтіміне салғырт қарау, тіс ауруларын алдын алмау т.с.с.

Тістің ауырғаны ең әуелі жүйке жүйесіне әсер береді. Ол суық, ыстық, тәтті, қышқыл тағамдарды жеген кезде, ауа тигенде сезіледі. Содан кейін температура көтеріліп, ұйқы қашып, бас айналып, адамның бет жүзі ісіп кетеді. Бұл кезде үйдегі дәрі-дәрмек қобдишасында жатқан Баралгин, Кетанол, Нурофен, Анальгин, Аспирин сияқты дәрілерді қабылдауға болады.

Қол астыңызда бұл дәрілер болмаған кезде халық емін пайдаланыңыз.

  • Тіс ауырған кезде алдымен тісіңізді тазалап алыңыз. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы шумен шайып тұрыңыз. Сондай-ақ, көк шөпті қайнатып, суыған кезде тіске басып, ауыз қуысын тазалауға болады.
  • Ауырған тістің орналасқан жағына қарай, оң я сол қолыңызға сарымсақ бөлігін дәкімен таңып қойыңыз.
  • Үккіштен пияз бен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластырыңыз. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басыңыз. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.
  • Мұз кескінін алып, оны сүлгімен орап, тіс ауырған жаққа басыңыз.
  • Ауырған тіс жақтағы құлағыңызды ұстап, сағат бағытымен бес минут уқалаңыз.
  • Қолыңызға мұз кескінін алып, алақан аясында домалатыңыз.

Тіс ауырғаны басылып, жаныңыз жай тапқан кезде денсаулыққа салғырт қарамай, дереу тіс дәрігеріне жолығып, қаралыңыз. Себебі, тістің ауырғаны басылғанымен оның артынша тіс аурулары пайда болып, созылмалы түрге көшуі әбден мүмкін. Сондықтан да, тіс ауруларының алдын алып, тіс күтіміне аса мән берген абзал.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: utro2.ru, dentistinirmo.com

58831 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 12:50
Пікірлер
+0
03 тамыз 2012, 13:23

Мұз??? :o

+0
09 тамыз 2012, 13:17

пенталгин деген дәріде жақсы көмектеседі

+0
05 маусым 2015, 19:17

м

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...