Ғалымдар арықтауға көмектесетін иісті тапты

Ғалымдар арықтауға көмектесетін иісті тапты
Фото: phytomed.org

Арықтауға иіс те көмектеседі. Жақында ғалымдар арықтауға көп көмегін тигізетін иісті анықтады. Ол – жалбыз иісі болып шықты.

Жалбыз иісі тәбетті тұрақтандырып, адамның калорияға қажеттілігін төмендетеді екен. Сондай-ақ, көңіл-күйге әсері мол екені анықталып отыр.

Артық салмақтан арылуға дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығулар көп көмегін тигізеді. Ал иіс арқылы арықтау қосымша бір жолы ғана.

Ғалымдар жүргізген зерттеуге қайта оралар болсақ, жалбыз иісі арықтауға айтарлықтай көмектескенін айтуға болады. Олар арықтау үшін тәжірибеге қатысқан әйелдерді екі топқа бөлген. Бір тобына жалбыз иісі арқылы зерттеу жүргізген. Қорытындысында жалбыз иісі арқылы арықтауға бел буған топтың нәтижесі жоғары болып шыққан. 

О. Сансызбай