Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Шай ішсең, көңілің жай...

Шай ішсең, көңілің жай...

Шай ішсең, көңілің жай...

Шайдың тоңса, бойды жылытатын, шөлдегенде, шөлді қандыратын, ұйқы басса, сергітетін қасиеттері үшін оған қазақ халқы осындай мақал арнаған. Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан биологиялық пайдалы заттар бар.

Шайдың жапырағында, одан әзірленген дайын шайдың құрамында адамның орталық жүйке жүйесін тыңайтатын кофеин, теобромин, теохиллин деген заттар бар. Соның  ішінде кофеин ой және дене күші жұмысын жақсартады.

Шайдың құрамындағы кофеин кофеден гөрі жұмсақтау, жанға жайлы тиеді. Шайдың құрамындағы теобромин мен теохиллин мидың қан тамырларын кеңейту арқылы шаршағанды, бастың ауруын басады. Шай дәруменге де бай: онда В1, В2, А каротині және Р дәрумені бар, әсіресе, Р дәруменінің шипасы мол. Сондай-ақ, амин қышқылы, көмір қышқылы, органикалық қышқыл, эфир майы және басқа қосындылар кездеседі. Осы заттардың шипалық қасиеті бүлінбеуі үшін шайды дұрыс пайдаланып, жөндеп шығара білу қажет.

Шай дымқылды және әр түрлі иісті өзіне оңай тартатындықтан, құрғақ әрі жабық ыдыста сақталғаны жақсы. Сондықтан шайды беті жабық шыны не фарфор ыдыста ұстаған жөн.

Шайды металл шәйнекке демдегенде, дәмі бұзылады, оған тек шыны не фарфор  шәйнек қолайлы. Шәйнекті алдымен ыстық сумен шайқап, мөлшерлеп шай салған соң, 4-5 минут тындырып қойып, үстінен қайнаған суды еселеп құю керек. Отқа қойып қайнатса, дәмі бұзылады.

Өсімдік дүниесінде құрамында Р дәрумені бар шаймен теңесер шипалы нәрсе кемде-кем. Р дәрумені С дәруменімен қосылғанда, шипалық қасиеті арта түседі. Ал С дәрумені лимонда мол. Сондықтан да қыста және көктемде жеміс-жидек жоқ кезде шайды лимонмен ішу өте пайдалы.

Жүрек-қан тамырлары ауратын және қан қысымы жоғары адамдар шайдың құрамындағы кофеинді азайту үшін оны пайдаланар алдында жылы суға кішкене салып, суын төгіп, сонан соң, демдеу керек.

Шайды қаралай емес, сүт қосып ішкен дұрыс. Себебі сүт шайдың құрамындағы теріні қатайтатын заттың әсерін азайтады.

Ал, қара шайға қарағанда көк шайдың микробқа қарсылығы күшті. Сондықтан науқастанғанда сүтсіз көк шай ішу пайдалы.

Сурет: sait-sovetov.net

7471 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 11 сәуір 2012, 11:17
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 11:32

шай ішейік :)

+0
11 сәуір 2012, 11:35

машина маймен, қазақ шаймен))))))))))

+0
11 сәуір 2012, 12:42

Сіз шәйқорсыз ба? )))))))))))))))

+0
11 сәуір 2012, 12:54

мен бе, жоооққққ, мүлдем шай ішпеймін, құр таза су ғана!

+0
11 сәуір 2012, 12:50

Күн қатты ыстық кезде суық сусын ішсең шөлің қанбайды, , ыстық шәй ішсең қанады екен! Соған былтыр көзім жеткен!!! :mrgreen:

+0
11 сәуір 2012, 11:41

Бұрындары шай ішпесем басым ауырады дегенде әжем қалай сонда дейтін едім, қазір өзім сондаймын :D

+0
11 сәуір 2012, 12:39

шайға әуестігім жоқ екен :roll: дайын турса ішемін, болмаса арнайы дайындап ішпейді екенмін :oops:

+0
11 сәуір 2012, 13:49

маған кофе ұнайды бәрінен де

+0
11 сәуір 2012, 14:19

Аса шайқор емеспін. Бірақ кейде бір шайға аңсарым ауып кеткенде жақсылап тұрып демдеп, сүт қосып ішкенді ұнатамын. Шай ішу бір жағынан адамдармен немесе құрбыңмен отырып шер тарқатып, әңгіме айтудың бір әдісі сияқты.

+0
11 сәуір 2012, 23:44

Шайдан бас тартқалы үш жылдың жүзі болады екен....Қара шайға мүлдем қарай алмаймын)

+0
13 сәуір 2012, 18:33

Шайсыз Қазақ бола ма?!..........

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...