Адам ауруды ниетінен табады

Адам ауруды ниетінен табады
Фото: Серик Байбульсинов

Бақытсыздық, барлық ауру, кедейшілік, тағдырының құбылмалылығы адамдардың мінез-құлқының жақсы-жамандығына, ой-өрісінің биік-таяздығына, таным-түсінігінің тар-кеңдігіне, ерік-күшінің мықты-әлсіздігіне, рухани жан дүниесінің бай-жұтаңдығына да тығыз байланысты.

Адамдардың мейірімділігі мен қатыгездігі де, ізгі, адамгершілікке жат істері де өзіне сондай жамандық, жақсылық әкеледі. Біреуге жасаған қиянаты күндердің күнінде зауалын тигізеді. Мұның бәрі денсаулыққа пайдалы не зиянды әсерге толы. Бұл – дәрігер, психолог, ғалымдардың ғылыми зерттеулерге негізделген пайымдаулары. Біз төменде медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дайындалған болжамдарды ортаға салмақпыз. Оған сену-сенбеу әркімнің өз ықтиярында.

1. Бақытсыздық туралы көп ойлаған адам бақытсыздыққа тап болады.

2. Сырқат туралы көп ойлаған адамға түрлі ауру үйір келеді.
Сол себепті әркім дұрыс ойлауға, жақсылықтан үміт үзбеуге тиісті. Адамның ақыл-ойы мен ішкі сезімі, рухани жан дүниесі өзара байланыста болғандықтан, олардың бірі өз міндетін дұрыс атқара алмаса (адам ойы бұзылса, ішкі сезімі бұзылса, көңілге алаңдаушылық, торығу енсе), оның басқасына зияны тиеді, денсаулықты әлсірете бастайды. Адам өзінің әлсіздігін, сырқатын ойлай бермеуі үшін бір жұмыспен айналысып, оны естен шығаруы тиісті. Адамды қажытатын ең бірінші нәрсе— ой. Ең бастысы, өмірдің қайғы мен қуаныштан, жамандық пен жақсылықтан тұратыны, бір қиындықтан кейін бір жеңілдік келетіні есіңізде болсын.

3. Жақсы ой жаныңды жадыратады, жан-тәнің түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтеді. Жақсылық ойлайтын адамға жұқпалы аурулар да жоламайды.

4. Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысықай, қу адамдар көбінесе асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, оның өзге де дерттерімен ауырады.

5. Бүгінін, болашағын ойламайтындар, тек қана өткенді еске алып тамсанатындар, туған-туыс, ата-анаға көмектесуді ойламайтындар негізінен, құяңға, тағы да басқа омыртқа кеселдеріне шалдығады. 

6. Өзіңізде жоқ нәрсені емес (байлық, мансап, атақ, дүние-мүлік, және т.б.), қолда бар нәрселер туралы ойлаңыз. Жоқ нәрселер туралы көп ойламайтындар сирек ауырады.

7. Сезімталдық – ақыл, ойды топтастыра алатындарға тән қасиет. Сезімталдықты дұрыс пайдалана алмасаң терің құрғай береді, табиғаттың еркек-әйел заңдылығы бұзылады.

Дерек көзі: kerekinfo.kz

@. @assel_assanova