Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Ара шағып алса

Ара шағып алса

Ара шағып алса

Жаз мезгілінде шыбын-шіркей мен жәндіктер ерекше белсенді болып келеді. Тіпті, масаның өзі адам өміріне қауіп төндіреді. Ал адамды ара я сона шақса, оның жазылуы ұзаққа созылады.

Адамды ара шағып алса, әдетте, адам ағзасы бірден сыр бере бастайды. Аяқ-қол сыздап, дене қызады. Адамның бет-жүзі ісе бастайды. Тері қызарып кетіп, дене қыши түседі. Араның шаққанда психологиялық және аллергиялық реакция пайда болады. Психологиялық реакцияда адам жәндіктің шаққанына шыдамсыздық танытып, мазасызданады. Екінші мәрте шағып кетеді деген күдікті әрі қорқынышты сезім пайда болады. Ал аллергиялық реакцияда адамның дене қызуы көтеріліп, басы айналып, жүрегі айниды. Қатты құсып, тәбеті жоғалып, тіпті, талып қалуы мүмкін. Абырой болғанда адамдардың 2-3%-ы ғана аллергия реакция ұшырайды. Оның да әр түрлі дәрежесі бар. Ең күрделі дәрежесінде адамға дер кезінде алғашқы көмек көрсетілмесе, адамның жүрегі тоқтап қалуы да әбден мүмкін.

Араның шағуына балалар мен әйелдер ағзасы бірден әсер етеді. Себебі, олардың ағзасы әлсіздеу. Әрі тері нәзік болғандықтан, ара уы тез таралады.

Есіңізде болсын!

  • Айналыңызда ара ұшып жүрсе, оған мән беріп, оны қағып, өлтіруге ұмтылмаңыз. Себебі, ара себепсіз адам баласын шақпайды. Тек адам тарапынан қарсы әрекеттер көрсе ғана, ол өзін қорғау мақсатымен, шағып алуға бел буады.
  • Егер де сізді ара шағып алса, сабыр сақтаңыз! Айғай салып, байбаламға түсудің еш қажеті жоқ.
  • Ара шаққан кезде дереу жақын арадағы медициналық пунктке бару керек немесе жедел жәрдем шақыртқан жөн.
  • Ара шаққан жерге кішкене қант басып қойыңыз. Қант арадан қалған улы затты сыртқа шығаруға ықпал етеді.
  • Ара шаққан жерді сығуға, қасуға, тырнауға болмайды. Кері жағдайда, ағзаға инфекция түсіп, ара уы денеге таралып кетуі мүмкін.
  • Ара шаққан жерді мүсәтір спиртімен немесе йод не көк дәрі қосылған сумен шайып жіберу керек. Қол астында бұл заттар болмаса, ара шаққан жерді ақжелкеннің жапырағымен ысқылап жіберуге болады.
  • Ара шаққан жерге ылғалды сүлгі немесе салқын суға толы жылытқы басу керек.
  • Шаққан жердің ісігін басу үшін мұз немесе салқын су басқан абзал.
  • Ара шаққан жанды көлеңке астында жатқызып немесе орындыққа отырғызып, көп мөлшерде салқын су беру керек. Салқын су болмаса, қант қосылған қайнатылған су мен бал қосылған шәй беруге де болады.
  • Ара шаққан жанның денесі қызарып, бөртіп жатса, оған кордиамин сұйықтығының 20-25 тамшысын беру керек.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: bestgardener.ru, kak-sdelat.su

12749 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 23 шілде 2012, 16:25
Пікірлер
+0
23 шілде 2012, 16:49

Ауылда жүргенде талаушы ед

+0
23 шілде 2012, 16:51

:mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
23 шілде 2012, 16:56

Тұз жағатынбыз, болды) Сосын он-он бес минутттан соң ұмтып кетеміз) Мамам келгенде "Мам, ара шақты" деп көрсетейін десең, ізі де қалмаған ғой)))

+0
23 шілде 2012, 16:57

ара болса жақсы :lol: :lol: :lol:

+0
23 шілде 2012, 22:26

бүгін ғана менің інімді 2 жерден ара шағып алды колн және қасын бір көзі ктерісі ісіп бір ңөзң жабылып қалды :lol: :lol: Бір байқарым денесі қызып ыстығы көтерілген дымыда жоқ :?:

+0
24 шілде 2012, 00:50

Өтірік бәрі, прост шаққанда қызыл боп ісет да, ашид сол жер. Сосын шамалдан кейін қояд.. отырык макала

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...