Ас содасы қатерлі ісікті емдейді

Ас содасы қатерлі ісікті емдейді
Фото: rudaki.ru

Италиялық онколог Тулио Симончини барлық қатерлі ісіктің туындауына Candida Albicans атты саңырауқұлақ инфекциясының себепші екенін дәлелдеді. «Candida Albicans» инфекциялық саңырауқұлақ болғандықтан, оны натрий карбонатының көмегімен емдеуге болады», - дейді. Бұдан өзге зерттеу барысында қатерлі ісіктің ағзаның кез келген бөлігінде бірдей өрбитіндігін анықтады.

Маманның айтуынша, онкологиялық аурулар келесідегідей дамып отырады. Адамның иммунитеті әлсіреген кезде кандида саңырауқұлағы көбейеді. Иммунитет жасушалары оған барынша қарсы тұрып, ағзаға инфекция түсірмеуге тырысады. Осы процессті медицинада «онкологиялық ауру» деп атайды.

Медицинада «кеселді ісік» ағзаның басқа бөліктерін де зақымдайды десе, Симончини оны кандида саңырауқұлағының ағзаға түсуімен байланыстырады.

Өзіміз білетіндей, «Candida» саңырауқұлағы – анаэробтардың бір түрі. Аталған саңырауқұлақ қанға араласып, ағзаның белгілі бір бөлігіндегі көмірқышқыл газының мөлшерін азайтады. Осының салдарынан көмірқышқыл газын қажетсінбейтін жасушалар энергия бөліп шығаруға тырысады. Ал ісік ауруының жасушалары ағзадан өзіне керегін алу үшін көмірқышқыл газын қажетсінбейді.

Зерттеу барысында өмірінде антибиотиктерді 25 реттен көп қабылдаған әйел адамдардың кеуде ісігіне шалдығу қаупі бар екені анықталған. Әдетте антибиотикті көп қабылдайтын адамдардың ішегінде кандида саңырауқұлағы аман қалады. Артынша қанға түсіп, ағзаның барлық бөлігіне тарайды.

Дәрігерлердің осы күнге дейін жүргізген тәжірибелерінің нәтижесіне сүйенсек, дәрі-дәрмектердің кандида саңырауқұлағын жеңуге күші жетпейді екен. Ал Тулио бұған натрий бикарбонатының күші жететіндігін айтады. Бұл дәрігердің өзі үшін де, науқастар үшін де жаңалық болды.

Симончини өз теориясын ұсынбас бұрын Италиядағы құрметке лайық мамандардың бірі еді. Ас содасының ісікті емдей алатындығы туралы теориясынан кейін әріптестері араласпай кетті. Тіпті 3 жылға түрмеге қамап, оған қарсы сот істері жүргізілді.

Симончинидің ойынша, ас содасының көмегімен ағзада кандида саңырауқұлағының өрбуіне жол бермеуіміз керек. Сол кезде адам ісік ауруына шалдықпайтын болады. Ең бастысы, ас содасын барлығы біледі әрі бағасы да арзан.

Бұл дәрігерге сену, сенбеу әркімнің өз еншісінде. Десе де дәрігерлер осы күнге дейін оны емдеу жолын анықтай алмай келеді.

Қ. Бүйенбай