Ғалым: Қатерлі ісік дәрісіз емделеді

Ғалым: Қатерлі ісік дәрісіз емделеді

Пенсильвания университетінің қызметкерлері қатерлі ісікті ешқандай дәрі-дәрмексіз адамның иммунитеті өздігінен қайтара алады деген шешімге келді.

"Біз адам денесінен TRAIL протеинін бөліп шығаратын TIC10 молекуласын таптық. Бұл қосылыс қатерлі ісікті қайтара алады", - деді ғалымдар. Олардың айтуынша, бұл протеин қатерлі ісік клеткаларын іздеп тауып, оның дамуын тежеп отырады.

Ісік өскен сайын иммунитеттің бұл талпынысының қарқыны төмендеп отырады. Осылайша ісік басқарылмай өсіп кете барады. "Дегенмен, - дейді ғалымдар - TIC10 молекуласы сыртқы күштің араласуынсыз бұл процесті тоқтата алады".

Молекула TRAIL генін тек қауіпті ісіктің клеткаларында емес, сау жасушаларға бөледі. Нәтижесінде рак клеткалары ғана жойылып, жоқ болады. Ал сау жасушалар өздерінің беткі қабаттарында TRAIL рецепторларының санын арттырып, ауруды қайтаруға көмек береді.

Қазіргі кезде молекула тышқанның ағзасында зерттеліп, байқалды. Ендігі кезекте протеиннің адам денесіндегі өмірін зерттеу керек, деп отыр ғалымдар. Мамандар қазіргі кезде TRAIL-ды қолдан жасап көруге тырысып жатыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: medinformburo.ru