Алмұрттың пайдасы

Алмұрттың пайдасы
Фото: zhambylnews.kz

Алмұрттың құрамында В тобындағы барлық дәрумендер, сонымен қатар С, Р, РР дәрумендері көптеп кездеседі. Басқа жемістермен салыстырғанда алмұртта мырыш, бал, ванадий, молибден, никель, фтор, йод секілді пайдалы элементтер өте көп. Оның жазғы сорты – марганецке, ал қысқы сорты – темірге бай.

- Үнді ғалымдары алмұрттың жас жапырақтарында фенол болатынын айтады. Бағзы замандарда бұл жапырақты жұлып, саңырауқұлақ ауруларының, тері қабынуының алдын алған. Алмұрттың жапырақтарын барлық елде тершеңдікке қарсы қолданады.

- Алмұрт шырыны аптап ыстықта шөліңізді қандырады және дене температурасын тұрақты ұстайды.

- Бұл жеміс күйзелісті жеңіп, көңіл-күйіңізді көтереді және жүрек қағысын жақсартып, ас қорыту жолдарын тазалайды.

- Кептірілген алмұрттар семіруден сақтап, қант диабеті, цистит, бүйрек ауруларының алдын алады. Ол үшін күніне жарты стақаннан 4 рет ішіп тұруыңыз керек.

- Іш өтіп ауырған кезде алмұрт киселі өте пайдалы. Оны әуелі жинап, кептіріп, қағазға сақтап, салқын жерде ұстаған дұрыс.

- Алмұрт қайнатпасы және шырыны бүйректегі тастан құтылуға көмектеседі. Оны күнделікті уақытымен пайдаланып, тастан біржола құтылуға болады.

- Алмұрт мыңдаған жылдар бойы халықтық медицинада простатитке қарсы қолданды.

Ж. Исакаев