Көктемге жилет таңдайық

Көктемге жилет таңдайық
Фото: fotokto.ru

Қыздар гардеробында салқын мезгілде де, жылы ауа-райында да киетін киім түрі бар. Ол  жилет. Жилетті киген ыңғайлы әрі қолайлы. Сонымен қатар, сәнді жилетпен көптеген ерекше киім үлгісін жасауға болады. Бүгінгі материалда жилет түрлерін қандай киімдермен үйлестіріп киюге болатыны туралы қысқаша мәлімет береміз.

Күн толық жылығанша, жеңі бар киімнің сыртынан жүннен тоқылған жилет киген ыңғайлы. Жилеттің түсі ішінен киген киімнің түсімен бірдей болуы міндетті емес. Тек үйлесім тауып тұрса болды. Мұндай жилеттерді мойынға шарф-снуд, жібек матадан тігілген үшкіл орамал тағып, басқа берет немесе қалпақпен киюге болады. 

Күн жылыған соң, жилетті костюм немесе пенжак ретінде кисе болады. Ол кезде жилетті жейде және футболка сыртынан киіп, үйлесім жасаңыз. 

Ұзын көйлектердің сыртынан жилет кисеңіз, ерекше киім үлгісі шығады.

Көктемнің басты тренді кең балақты шалбар мен кюлот-шалбар туралы да ұмытпайық. Кюлот-шалбар әмбебап киімдердің бірі. Кюлот-шалбардың сыртынан жилет кию арқылы іскерлік және күнделікті киім үлгісін де оңай шығаруға болады.

А. Жапатова