Көктемгі сән-2016: Бәтеңке

Көктемгі сән-2016: Бәтеңке
Фото: cosmo.ru

Көктем келді, етік кетті. Етікке келесі қысқа дейін қош айтысып, жеңіл аяқ киім таңдайтын да уақыт келді. Дизайнерлер аруларды жылдан-жылға жаңа идеяларымен таңдандыруда. 2016 жыла аяқ киімдер ашық түстерімен және қалың табанды платформаларымен ерекшеленбек.

2016 жылы дөрекі аяқ киімдер мен ер адамдар стиліндегі аяқ киімдер сәннен кетпейді. Көктем мерзіміндегі сәнді аяқ киім — биік платформалы жуан бәтеңкелер. Мұндай бәтеңкелер барлық сәнді брендтер топтамасында көрсетілді. Бұл сәнді көктемгі бәтеңкелерді кез келген киіммен киюге болады. Мысалы: нәзік көйлектер, миди белдемшелер, белі жоғары джинс шалбарлар

2016 жылы сәнде болатын түстер (қызғылт, нәзік көгілдір) аяқ киімдерде де көрініс тапты. Бәтеңкелер ғана емес, оксфорд туфлилері мен броги аяқ киімдері де 2016 жылдың сәнді түстеріне  боялды. Мұндай нәзік түсті аяқ киімдер көйлектермен және белдемшелермен жақсы үйлесім табады. 

Егер сізге қатаң дресс-кодпен киіну қажет болса, кеңсеге арналған бейтарап түсті классикалық бәтеңкелер таңдаңыз. Қалың табанды сәнді бәтеңкелер өте ыңғайлы болады.

А. Жапатова