Мінсіз көрінудің тәсілдері

Мінсіз көрінудің тәсілдері
Фото: twitter.com

Күнделікті өмірде кенеттен туындайтын келеңсіздіктерді көп уақыт және қаражат кетіріп қиындатпай, қарапайым әдістермен шешуге болады. 

Былғарыдан жасалған сөмкедегі дақты кетіру үшін сірке суы мен қарапайым суды араластырып, сөмкеге шашыңыз. Содан соң, абайлап сүртіп шығыңыз.

Киімдегі түктерді қарапайым ұстарамен тазартуға болады.

Киімнің жағасын шаш түзеткіштің көмегімен тегістеуге болады. Сол секілді ілгектің айналасында түзеткішпен тегістеген ыңғайлы.

Сақинадан саусағымызға із қалып қойып жатады. Ондай жағдай болмас үшін, сақиналарыңыздың ішкі жағына тырнаққа арналған лак жағып қойыңыз.

Қара джинсы шалбарды жуғанда түсі кетіп қалмас үшін кір машинаға жарты стақан тазартылған сірке суын құйып жіберіңіз.

Аяқ киімді жылдам кеңейту үшін оған мұзы бар пакетті салып қойыңыз. Мұз ери бастағанда алып тастаңыз.

Кез келген жуғыш затқа сода салып, араластырып, ескі тіс щеткасымен аяқ киіміңіздің табанын тазартып шығыңыз.

Шалбар етегінің ішкі жағына түйреуіш тағып қойса, электрленуі тоқтайды.

Күдері аяқ киімінің қырылған жерлерін өшіргішпен тазартуға болады.

А. Жапатова