Жоқтан бар жасайық

Жоқтан бар жасайық
Фото: sunny7.ua

Барға қанағат, жоққа тәубе дейміз. Тағамдарды ысырап етпей, бұзылуға жақындаған азықтан басқа ас түрін дайындау тәсілдерін жаздық. Ал бүгінгі материалымызда тұрмыстық бұйымдарды, құралдарды бір рет қана жаратып, қоқысқа тастамай, екінші, үшінші рет қолдану жолдарын ұсынамыз.

Балаларға арналған кереует ескірген кезде, оны лақтырып тастамай, өмірін ұзартуға болады. Бір жақ жақтауын алып тастап,  сабақ оқитын үстелге айналдырыңыз.

Жұмсақ теріден (күдеріден) тігілген аяқ киімге болмашы дақ тисе, кетіру мүмкін емес деп ойлайсыз ба? Қателесесіз. Сіздің көмекшіңіз  тырнаққа арналған егеу.

Тортты түзу де ұқыпты кесу үшін қаттылау жіп қолданыңыз.

Нутелла тәттісінің ыдысы босаған соң, ішіне жылы сүт құйып қойыңыз. Біраз уақыттан соң, шайқап-шайқап ыстық шоколад аласыз.

Таңғы асқа бутерброд әзірлеп жеген жан түскі асқа дейін өзін тоқ әрі көңілді сезінеді. Алайда оны дайындағанда қалың болып, біркелкі, тегіс шықпай қалатын кездер кездеседі. Шұжық не сыр нанның бетін түгел жауып тұрғанын қаласаңыз, жоғарыда көрсетілген әдісті қолданып көріңіз.

Скотчтың шетін шығара алмай қалатын сәт бәріміздің басымыздан өткен шығар. Әсіресе, асыққан кезде тығырыққа тірелмес үшін, суретте көрсетілген тәсілді байқап көріңіз, яғни, пайдаланып болған бойда, түйреуіш не бекіткіш жапсырып қойыңыз.

Техника дамыған заманда, интернет тұрғанда кітаптан, газет-журналдан қарап, мәзір әзірлейтіндер бірең-сараң болар. Бірақ әлі де еш жерде жоқ ерекше мәзірлер ұсынатын журналдар жойыла қойған жоқ. Сондай өнімдер тұтынатын бірегей адамдар үшін бұл кеңес артық етпейді. Кітап, журналды кіим ілгішпен қыстырып қойып, ыдыс сөрелерінің ұстағышына іліп қойған жақсы. 

Киім ілгіштің біз білмейтін қызық қыры көп екен. Тамаққа қосатын дәмдеуіштер бір рет пайдаланылған соң, ашылып-шашылып жүрмес үшін, бетін қайырып, ілгіштің қыстырғышын қадап қойыңыз. Оның орнына кір жуғанда пайдаланатын қыстырғыштар да жарап кететін секілді.

Әшекей бұйымдарыңызды не өзге де көзге бірден көрінбейтін ұсақ-түйек нәрселеріңізді үй ішінде таба алмай қалсаңыз, шаңсорғыштың басына шұлық кигізіп, іске қосып, іздеп көріңіз.

Кетчуптың босаған ыдысын тастауға асықпаңыз. Ол құймақ пісіргенде қоспасын табаға құюға ыңғайлы.

@. @assel_assanova