2016 жылы қандай түстер сәнде болады?

2016 жылы қандай түстер сәнде болады?
Фото: Евгения Рользинг, rudaki.ru

Pantone түстер институты 2016 жылдың көктем-жаз маусымында сәнде болатын 10 түсті атады. Келер жылда күнде қайталанатын әрекеттерден жалыққанда, көңіл-күйді көтеретін нәзік түстер сәнде болады екен.

Сонымен 2016 жылы түстер институтының бекітуі бойынша, «алқызыл кварц» атты түс сәнде болады. Атқарушы директор Лиатрис Айсманның айтуынша, бұл әмбебап түс әйелдерге де, ерлерге де жарасады. Бұдан өзге жылы түстердің қатарында «серенитис» бар. Ол жан тыныштығын көрсетеді. Мамандардың айтуынша, көк түстің ашық реңктері адамды тынышталдырып, тынымсыз тіршіліктен демалуына мүмкіндік береді.

Келер жылда «шабдалы, қызыл фиеста, жасыл сәуле, терең көк, сұр мамыргүл, мұз қосылған кофе» сынды түстер де сәнде болады екен.

Қ. Бүйенбай