Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Махаббат: шынайы сезім және сериалдағы махаббат

Махаббат: шынайы сезім және сериалдағы махаббат

Махаббат: шынайы сезім және сериалдағы махаббат

Соңғы кездері халық арасында сериал көріп, қанша сериал көретіндерімен мақтанатын азаматтар көбейіп кетті. «Неге?» деген сұраққа жауап бермек оймен әдеттегідей массагет сайтының  «зерттеуші» ерлері өзіміздің сайттағы қазақ тілді субтитрлары бар фильмдерді көріп, қызық бір шешімге келіп тоқтады.  Байқағанымыз – «Таңғажайып бақ» сериалының көрілімі атақты американдық комедия көрілімінен үш есе көп. 

Айтпақшы, сериалдарды көріп болған соң әлем халықтарының ойын білмек үшін орыс, ағылшын тілді форумдарға кірдік (корей, қытай форумдарына тіл білмегендіктен қонақ болып баруды жөн көрмедік). Статистиканы қарай отырып, өзіміз жігіттер арасында мүлдем жауабы жоқ бірнеше сұрақтарға келіп тоқтадық.  

Тағы да айта кетерлік бір жайт жүргізілген бақылау барысында сериал көру тәуелділігіне негізінен әйелдер жақын екен. Айтып кеткеніміздей әйелдер жақын бірақ арасында еркектер де бар. Алайда әйелдер тым эмоционалды, сезімтал келетіндіктен, экран алдында еркектерге қарағанда анағұрлым көп отырады екен. Әрине сосын еркектер: бітпейтін кәрістерің бе? Осы сериал біткенше шашым ағарып алжитын шығармын деп бұлқан-талқан болып ызаланады. Жоқ, қателеспеңіздер ызаланып жүрген себебі жасаған романтикалық кешін қайдағы болмайтын бір сериалға ауыстырып жіберді деген ой емес. Жай ғана,  адам құсап бір 2 сағаттық  дені дұрыс кино көруге болады ғой.

Сонымен зерттеу барысында туындаған сұрақтар мен проблемалар:

 Еркектер түсінбейтін сериалдардың соншама несі тартымды?

Біріншіден, білгеніміздей сериалдарда әйелдердің  қияли армандары орындалады екен. Бұған еш күмәнданбаңыз. Золушка өзінің ханзадасын кездестіреді. Орысша айтқанда «дурнушкалар» бірден сұлу болып кете салады (бір қызығы жаңағы қыздар әдемі болу үшін ештеме жасамайды әншейін Құдайдың бере салған сыйы ғой). Барлық проблемалар өздігінен шешіле салады. Ақыр аяғында ертегідей жақсылық әдетінше зұлымдықты жеңіп шығады.

Екіншіден, сериалдардан қыздар, әйелдер ағыл-тегіл эмоция алады. Махаббат сезімдерінің өзі неге тұрарлық десеңші. Мұнда қызға керектінің бәрі бар алғашқы кездесу де, ғашығыңмен болған алғашқы өптің ғажаптығы! Ал содан соң сценарий бойынша тосқауылдар кезегі басталады, қыздарың отырып алып күні-түні уайымдай бастайды енді. Сондағылары екі ғашықтың арасына түскен қыз не істер екен деген уайым. Жаңағы көріп отырған қыздардың қолында шүберек, көздері жылағаннан қып-қызыл, сондағы көріп отырғандары болмайтын нәрсе...  Құрдан босқа көздің соры.

Үшіншіден, мектеп қыздарын қойшы, жасы 30-дан асқан апаларымызға не жоқ? Аппақ  BMW мінген, бойы 180 см, өте сымбатты, спортшы ханзаданы көріп балмұздақтай ериді. Тағы қыздарға сұрақ: Ондай ұзын бойлы жігіттен не пайда? Сүйісем деп жете алмай, ақыры өздеріңіз ұятқа қалып, бордюрға тұру керек боласыздар. Сосын онымен сүйісем дегенге шын сенесіз бе?

Төртіншіден, ғашық болған қыз болсын, мейлі еркек болсын махаббат үшін барлық жиған-тергендерін құрбан етуге дайын, ақ батасын бермеген әке-шешесімен, туған-туыстарымен дау шығарып, үйдің іші ұрыс-керіс болып жатады. Ей, қазақтың аңқау қыздары ондай сюжет шынайы өмірде ешқашан болмайды әсіресе Қазақстанда... Керісінше біз жақта күйеуі ақша таппаса, әйелі ажырасамын демей ме?

Бесіншіден, 20 серияны бір-ақ қамтыған,  сценарийі де дәл сондай, романтикалық, танымал әртістер ойнаған атақты "Хитч әдісі" фильмін көруге болмай ма? Есесіне қаншама уақыт үнемі және шынайы өмірге аз да болса ұқсайды.

Қымбатты қыздар, осының бәрін неге жазып отырмыз? Золушка – ол бар болғаны ертегі персонажы.  Қарапайым қазақ қыздары статусын ұстанып жүріңіздерші, сонда ғана сізді ғашығыңыз бақытты етуге тырысады. Еліктеуіштерді ешкім жақсы көрмейді. Қазақ жігіттері модельсымақ болмаса да, қалтасы толған ақша болмаса да, өте жақсы жар табуға лайық. Тым құрығанда өзіңізді кәріс әртістеріне емес, өзіміздің аласа бойлы, қара торы, тепсе темір үзетін қазақ жігіттеріне құрбан қылыңыз.

P.S. Редакция ерлеріне келетін болсақ, бізге екінші қыз ұнады. Шынымен де әдемі екен.

Форумда талқылау

Сурет shkolazhizni.ru сайтынан алынған

1681 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
27 ақпан 2012, 14:50

20-дан асқан апаларымызға??? Мынаусы несі-ей? ))))

+0
27 ақпан 2012, 15:39

Аппақ BMW мінген, бойы 180 см, өте сымбатты, спортшы ханзаданы көріп балмұздақтай ериді. Тағы қыздарға сұрақ: Ондай ұзын бойлы жігіттен не пайда? Сүйісем деп жете алмай, ақыры өздеріңіз ұятқа қалып, бордюрға тұру керек боласыздар. Сосын онымен сүйісем дегенге шын сенесіз бе?

Қыздар орындалмайтын қияли арманы гой бұл!!! Тағы да өздеріне қарамай қазақтың қарапайым жігіттерін менсінбейтіндері де бар!!! Мен қазақ қызын түсінбей-ақ қойдым???

+0
27 ақпан 2012, 15:40

мейлі еркек болсын махаббат үшін барлық жиған-тергендерін құрбан етуге дайын, ақ батасын бермеген әке-шешесімен, туған-туыстарымен дау шығарып, үйдің іші ұрыс-керіс болып жатады.

Ей, қазақтың аңқау қыздары ондай сюжет шынайы өмірде ешқашан болмайды әсіресе Қазақстанда... Керісінше біз жақта күйеуі ақша таппаса, әйелі ажырасамын демей ме?

+0
27 ақпан 2012, 15:40

Қазақ жігіттері модельсымақ болмаса да, қалтасы толған ақша болмаса да, өте жақсы жар табуға лайық. Тым құрығанда өзіңізді кәріс әртістеріне емес, өзіміздің аласа бойлы, қара торы, тепсе темір үзетін қазақ жігіттеріне құрбан қылыңыз

+0
27 ақпан 2012, 15:40

Қарапайым қазақ қыздары статусын ұстанып жүріңіздерші, сонда ғана сізді ғашығыңыз бақытты етуге тырысады.

+0
27 ақпан 2012, 15:43

Керемет мақала рахмет сіздерге!!! Ал енді қыздар не дейді екен??? Қыздар не дерлерін білмей қалған сияқты.....???
хе хе хе

+0
27 ақпан 2012, 15:43

Молчание знак согласие - дейді!!!

+0
27 ақпан 2012, 15:59

ойбуй, мынау бір қызық болды ) сериал біздің өміріміздің ажырамас бөлшегі, біз сериалмен бірге жылаймыз ) сендердің қызығушылықтарың туралы ләм деп жатырмыз ба, білсеңіздер, футбол сондай іш пыстыратын ойын... допты артынан қуалап жүретін ойын сіздерден басқа кімге қызық дейсің? сол ойынның бір қызық жері болса шы... ))

+0
28 ақпан 2012, 11:18

Футбол тек қана ойын емес, тіпті табыс көзіне айналды!!! Оны қызық деп ол жерде қыздар болса екен бізді қызғанатындай!!! Ешқандай қыз жоқ, спорт и бизнес бұл. Ал сендер- қыздар қайғайдағы болмайтын кәрістің жігіттеріне еліктейсіңдер???

+0
27 ақпан 2012, 16:29

Сериалдарды білмеймін, Бірақ мен үшін ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ қашан да артық, биік. Кәрістің жігіттеріне осы біздің қыздар неге "байланатынын" білмеймін.

+0
27 ақпан 2012, 19:40

Менің сериалдарға деген көзқарасым жаман еді. Менің сүйіктім сериалы - өмірімнің бәрін аударды.

+0
28 ақпан 2012, 11:19

Сонда сол сериалдағыдай өмір сүріп кеттің бе?

+0
28 ақпан 2012, 17:28

жоқ, тек өмірге басқаша қарадым

+0
28 ақпан 2012, 22:10

Жігіттер! Кім айтты сіздерге қазақ қыздарының бәрі дерлік кәріс сериалына және ондағы сығыр көзділерге ғашық деп аааа???

+0
29 ақпан 2012, 14:16

Көрген білгенімді айтып тұрмын! Сіз не? Сериал мүлдем көрмегенсіз ба?

+0
01 наурыз 2012, 15:07

Басқаны қайдам, өзім көзімді ашқалы, ес білгелі кәріс сериалдарымен өскен адаммын. Бізге ұқсастықтары бар гой! )) Жүрегімді тербейтін дүниелерді тек осы сериалдардан ғана көремін ...

+0
02 наурыз 2012, 14:26

20дан аскандар апама сонда)) кызык, 30дан аскандар ким сонда???

+0
02 наурыз 2012, 14:28

карис сериалдары тарбиелик мани бар сериалдар

+0
02 наурыз 2012, 14:29

турик сериалдарына баскада сериалдарга караганда алдекайда жаксы, кыска ари нуска!

+0
13 наурыз 2012, 23:13

Дениз жынды боп жатыр я?)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...