Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Екінші дубль: қызды таң қалдыру қажет пе?

Екінші дубль: қызды таң қалдыру қажет пе?

Екінші дубль: қызды таң қалдыру қажет пе?

Естеріңізде болса, өткен аптада редакциямыздың қыздар қауымы алғашқы кездесу жайлы өз материалдарын жариялаған болатын. Сол мақаланы оқи отырып, бізде, жігіттерде, бірден бірнеше сұрақ туындады:

1. Бұдан былай ақ қайыңның қасында қанша қыз-келіншектер алғашқы кездесулерін белгілейді екен?

2. Белгілесе де, сол қыздардың барлығы аспаннан гүл шоғының салбырап түскенін күтпек пе?

3. Бір қызықтырған жайт: осындай әрекет жасау қандай жігіттің басына келуі мүмкін .... мұндай жігіттерді  ұстап алып, екінші мәрте қайың емес мүлдем ағаш жанына жоламайтындай ету керек. Себебі қызды бұлай еркелеткені, қалған жігіттерді де осындай әрекеттке мәжбүрлейді. 

Сондықтан да бүгін жігіттердің  шынайы соны амалдары жайында сөз қозғамақпыз.

Қымбатты қыздар! Сіздерді алдын ала ескертеміз, оқып отырғандарыңыз еркектердің 99 пайызын құрайтын қалыпты жігіттердің тұжырымы. Қалған 1 пайызы әйелқұмарлар мен өжет романтиктер.

Сонымен, егер де сіз нағыз романтикке кезіксеңіз, ағаштағы гүл де, торт ішіндегі сақина да, жүрек формасында жағылған шырақ та болады, бұған еш күмәнданудың қажеті жоқ. Бұл арнайы сіз үшін шын жүректен жасалған сый. Дегенмен, ақ мерседестегі ханзада секілді нағыз романтиктер өте аз.

Келесі категориядағы жігіттер – құмарлық үшін алуан түрлі батылдыққа баруға дайын әйелқұмар жағымпаздар. Мұндай әрекеттерді сізді қуанту үшін емес тек өзінің «тәбетін тойдыру» үшін ғана жасайды. Сондықтан көз жасыңызды «шелектеп» төгіп қиналмас үшін мұндай жігіттерді мейлінше тез анықтағаныңыз өзіңізге жақсы.

Міне енді, өмірде кездесетін барлық еркектердің 99 пайызын құрайтын қалыпты жігіттерге де кезек келді. 
Әрине, біз сіздерді таңдандырғымыз-ақ келеді. Бірақ, сіздерді өзіміздің ақылымызбен, харизмамызбен, батылдығымызбен, әзілкештігімізбен таң қалдырғанымыз әлдеқайда дұрыс деп есептейміз. Және біздің түсінігіміз бойынша соны қылық дегеніміз  миллион ал қызыл раушан сыйлау ғана емес.
Жаңа айтылғандай, шырақтар, торттағы сақина, «Мен сені сүйемін» деген жолдағы жазбаларды, т.б. әрекеттерді романтикалық фильм сценаристері ойлап тапқан және олардың еркек болуы да екіталай.

Қалыпты жігітке мұндай «далбасаларды» ойлап табу қиынға соғады. Оның қолынан келетін бар нәрсе – интернетке кіріп, «қызды қалай таң қалдыру керек» деп гугл досының көмегіне жүгіну. Ал гугл болса, жаңағы шырақтарды, торттағы сақина т.б. ұсынады. Ал қызының экс-жігіті немесе құрбысының жігіті жасаған сценарийді қайталаудан құдай сақтасын. Теориялық жағынан қарағанда оларды қайталау әбден мүмкін. Ал егер қайталанып қалса, өзгелерден ерекшеленбегені үшін тағы да ренжисіз. Сондықтан қыздың рақметін естігенше, жігіттің үшінші ұлы отан соғысына дайын болғаны дұрыс. 
Егер жігіт қызды шынайы жақсы көрсе, ол сүйіктісі үшін кез келген қаһармандыққа дайын, тіпті терезеңіздің астында жүрек формасында от та жаға алады.
Бірде, біздің танысымыз ғашық болғаны соншалықты сүйгенінің үйінің алдында жүрек формасында арық қазып, бензин төгіп жаққан. Бұны көрген қыз "балмұздақтай еріп, оның сезімдерін түсінер" деген ойда болған ғой әрине.  Бірақ... көршілер өрт сөндірушілерді шақыртып, шатақ шығарады. Содан қыздың әкесі мұндай есуаспен араласуына қатаң тыйым салған.

Бұдан шығар қорытынды, романтикалық қулықтарға алданғанша, ең бастысы оның сізбен араласу пиғыл-мақсаттарын, адам және еркек ретінде қандай тұлға екенін анықтауға тырысыңыз. 

Осы тақырыпты форумда талқылаңыз

4439 11
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 24 қаңтар 2012, 15:34
Тегтер: махаббат, massaget.kz,
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2012, 19:22

Романтиканы күтуді қойдым. Мен үшін романтика ол әңгімелесіп, әзілдесіп, бар қиыншылықты ұмытып, көңілді өтетін сәт. )

+0
24 қаңтар 2012, 19:31

Романтиктер нағыз шатыры кеткен жігіттер. Бір рет балконымның астында серенада айтып тұрған бір ТАНЫС ЕМЕС жігітті көріп, ыңғайсызданып кеттім.

+0
24 қаңтар 2012, 19:44

Романтика деген керек. Қартайғанда, ИншаАЛЛАһ, есіңе алып отырып, күлетіндей. Өмірде ең жақын адамыңды таң қалдырып, қуантудың өзі бақыт.

+0
24 қаңтар 2012, 20:12

Қыздарға таң қаласың. тура Англияның погодасы сияқты (күн шығып тұрса бірден жаңбыр жауа салады) ваще түсінбейсің. Ал байғұс жігіттер болса көңілін табу әрі-бері жүгіріп жүреді.

+0
24 қаңтар 2012, 21:45

Алдында осыған байланысты пост жариялаған едім. Кейін де жариялап отырамын дегенмін. Енді айнып қалдым ойымнан. Бірақ, ара-тұра керек романтикада. Жігіттер жасамайды екен, жарайды жасамай- ақ қойсын. Онда қыздар жасасын.Әрине заңды жұбайы болған кезде. Деп қояйын да! )))

+0
24 қаңтар 2012, 23:45

Қыздарики, роматиктерді қызыл кітапқа жазу керек қо)

+0
25 қаңтар 2012, 09:12

Сезімнің арбауына түскендер сүйіктісін таң қалдыру үшін барлығын істейді. Тосыннан шоқ-шоқ гүлдер сыйлап, терезе түбінде тұрып, ән де айтады, керек десеңіз билеп береді. Бензин жағып, шатырдан секіріп, әйтеуір, артық кетіп қалмаса болды.

+0
25 қаңтар 2012, 09:35

Үйде "Романтика" деген мафонымыз бар еді.Жаны мықты еді жарықтықтың,бұл мафонда бір ғана осал тұс бар,ол-кассета салатын қақпақшасының түсіп қала беруі

+0
26 қаңтар 2012, 21:54

Романтика деген адам жаратылысымен пайда болган, сондықтан романтика керек. Адам "мен романтик емеспін" деп айтады, бірақ жүректің түбінде романтикаға толы...

+0
27 қаңтар 2012, 15:58

Негізі әр адам өз болмысына қарай әрекет еткені дурыс!

+0
27 қаңтар 2012, 16:04

Романтика, махаббат, анау мынау деген әңгімелердің соңы "Нәскиім қайда?","Тамақ дайын емес па не?" деген әңгімелермен бітпесе шын махаббаттың болмағаны ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...