Құрбыңмен ренжісіп қалсаң...

Құрбыңмен ренжісіп қалсаң...
Фото: Евгений Ли

Әртүрлі жағдайға байланысты ең жақын құрбылар да ренжісіп қалады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Әңгімені бірінші болып бастаңыз

Құрбыңыз қатты ренжісе де, сізді жақсы көретінін ұмытпаңыз. Сол себепті сізден жылы сөздер күтеді. Оны сағынғаныңызды айтып, достасуды ұсыныңыз. 

Бірден шабуылды бастамаңыз

Бірнеше ай көріспей, кенеттен қайта араласып кету оңай емес. Достасқан бойда жиналған әңгіме, жағдайдың бәрін баяндап кетпеңіз. Әр қадамды ақырындап басыңыз. Бүгін кездессеңіз, ертең қайтадан бір жерге барудың қажеті жоқ. Араға бір-екі күн салып, қыдыруға болады. Содан соң бұрынғы қалыпқа келе аласыздар.

©Болат Сырымов

Кішігірім сыйлық жасаңыз

Құрбыңыз қандай нәрселерге қызығады? Немен айналысқанды жақсы көреді? Егер ол өз күтіміне қатты мән беретін болса, косметика салатын әдемі қорапша сыйлауыңызға болады. Егер спорт сүйетін болса йога, фитнес не биге арналған құралдар алыңыз. Немесе киноға шақырып, бірге уақыт өткізе аласыз.

Тым артық кетпеңіз

Егер кешірім сұрап, сыйлық бергеннен кейін де құрбыңыздың қабағы ашылмаса, кейін қайтуыңызға тура келеді. Мүмкін ол сізбен достасқысы келмейтін шығар? Кейбір адамдар мінезі ауыр болғандықтан бұртиып, ренжіп жүргенді артық көреді.

Соңғы кеңес

Өміріңізде қандай жағдай болмасын, жақындарыңызға уақыт бөліп, көңіліне қарау керектігін ұмытпағайсыз.  

Ф. Абилова