Рухы мықты адамдар қандай болады?

Рухы мықты адамдар қандай болады?
Фото: Мәдина Көпжасарова

Рухы мықты, мінезі «қалыптасқан» адамдардың қасиеттері қандай болады? Ол қасиеттерді анықтау біраз уақытты талап етеді. Және ең басты нәтиже – кез келген адам бұл қасиеттерді өз бойына сіңіре алады. Олар...

Өткен-кеткенді еске алмайды

Рухы мықты адамдар бар назарын, күшін, потенциалын дәл қазіргі уақыт пен болашаққа бағыттайды. Олар өткенді өзгертуге болмайтынын және келешектің де нақты емес екенін түсіне біледі.

Жайлы жерде қалуға тырыспайды

Жайлы жер (зона комфорта) – ең қауіпті аумақ деп саналады. Ол жерде тым ұзақ отырып қалсаңыз, қараңғы құдықтың түбіне қалай түсіп кеткеніңізді де байқамай қалуыңыз ғажап емес. Ал жайлы жерде отырып шығу өмір сүрмеумен тең. Сіз өмірдің ащысын да, тәттісін де көрмей өтсеңіз, тәжірибе жинай алмайсыз. Балаларыңызға оң кеңес бере алмайсыз. Мұның бәрі жайлы жерде тығылып отырудың салдары.

Біреудің пікірін мойындай алады

Қоғам өмірінде кездесетін барлық мәселенің оң шешімін таба аламын деп тек ақымақ адам ойлайды. Жақсы идея, кімнің ойына келсе де, жақсы идея болып қалады. Сондықтан егер де белгілі бір мәселенің шешімін сіз ойлап тапқанша біреу ұсынса, қабылдай біліңіз. Және де сізден жасы, лауазымы кіші адам сізге жақсы, орынды кеңес берсе, «ой, сенікін қойшы» деп қол сілтеп, қашқақтамаңыз.

Өзгерістерден қашпайды

Өзгерістерді айналып өту мүмкін емес. Өмірдің кез келген аспектісінде белгілі бір өзгерістерді көтеруімізге тура келеді. Оның үстіне, көптеген өзгеріс жақсы нәтижеге әкеледі. Ол оқу, жұмыс, қарым-қатынасқа қатысты пайдасы тиетін жаңа өзгерістер болуы мүмкін.

Білімін толықтырып отырады

Бұл өмірде ешкім әлемнің бар білімімен сусындай алмайды. Тіпті біз 100 пайыз білетін нәрсе ақиқаттан алшақ болып шығуы да мүмкін. Егер санаңыз «жабық» болса, жаңа білімнен құр қаласыз. Жаңа білімнен бас тарту өмір сүруден бас тартқанмен тең саналады.

Өзі үшін шешім қабылдауға жол бермейді

Өз өміріңізге қатысты шешімдерді өзіңіз табуыңыз керек. Әрине, бар жауапкершілікті біреудің мойнына арта салу ең жеңіл шешім сияқты көрінер. Алайда нәтижесі көңіл көншітпейді. Себебі салдарын бәрібір өзіңіз көтересіз. Әрі «шешім табу» процесі қалай болғанын білмегендіктен, «форс мажор» жағдайында ситуацияны билей алмай қаласыз.

Жалғасы бар...

Ұқсас жазбалар:

Дана адам қандай болады?

Өмірдің заңдарына бағынасыз ба?

Ф. Абилова