Әйел адамға тән нәзіктік: эмоционалды деңгей

Әйел адамға тән нәзіктік: эмоционалды деңгей

Нәзіктікті әркім әрқалай түсінеді. Әдемі, көркіне көз тоймайтын аруды көріп ойымызға «ол неге жалғыз?» деген сұрақ келеді. Қанша жерден әдемі болса да, мінезі нашар болуы мүмкін.

Нәзіктіктің деңгейі бола ма?

1. Физикалық деңгей.

2. Эмоционалды деңгей.

3. Ақыл деңгейі.

4. Рухани деңгей.

Бұл жолы біз эмоционалды деңгей туралы сөз қозғаймыз.

2. Эмоционалды нәзіктік.

♥ Өзіңізді түсінесіз бе? Не қалайтыныңызды білесіз бе? Ол жайлы жақындарыңызға айта аласыз ба?

♥ Өзегелерді түсіне білесіз бе? Әлде «өзіммен өзім» ұстанымына жақынсыз ба?

♥ Жақын адамның не қалайтынын білесіз бе? Оны маңызды деп танисыз ба?

♥ Қарым-қатынастан ләззат алуды білесіз бе? Өзгелерге сізбен тілдесу жағымды болуына ат салысасыз ба?

♥ Жақындарыңызға қызмет етесіз бе? Әлде сіз үшін ол «төмен дәрежелі әрекет» пе?

♥ Кешіре білесіз бе? Әлде ренішті жылдар бойы жүрегіңізде сақтап келесіз бе? Естеліктерді «босата» аласыз ба?

♥ Кешірім сұрай білесіз бе? Әлде тәкаппарлық жібермей ме? Біреуге ауыр тисе де өзіңіздің пікіріңізді дұрыс деп санауға дайынсыз ба?

♥ Қарым-қатынасты жақсартуға үлес қосасыз ба? Әлде тек қарым-қатынастан өзіңізге қажеттісін аласыз ба?

♥ Жақын адамды кемшіліктері мен ерекшеліктеріне қарамастан қабылдауға дайынсыз ба?

♥ Қиын жағдайлар мен мәселелерді шешім таба білесіз бе?

♥ Жақын адамды/еріңізді қолдап, оған демеу болуға дайынсыз ба? Әлде тек өзіңізге қажетті назарды талап етесіз бе?

♥ Өзіңіздің, жақындарыңыздың, өзгелердің қателіктерін кешіре аласыз ба?

♥ Әлеммен қарым-қатынасты қалай нығайтасыз? Біреудің сүйіспеншілігін жаулап алуға тырысасыз ба?

♥ Өзгелерге кінә тағу дұрыс па? Өзгеге сын айтып, мін тағасыз ба? Әлемдегі онсыз да жеткілікті негативті көбейтуге үлес қосасыз ба?

♥ Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай? Оларға ренішіңіз бар ма? Өмір сыйлағандары үшін ризасыз ба?

♥ Балаларыңызды тұлға деп көресіз бе? Оларға өсіп-өніп, адам болып қалыптасуға мүмкіндік бересіз бе?

♥ Ата-бабаңызға деген ішкі қарым-қатынасыңыз қандай? Туған әулетіңізбен қарым-қатынасыңыз қандай? Туыстарыңызбен араласасыз ба?

♥ Жылы сөздер айтып, риза болу сіз үшін оңай ма? Кішігірім нәрселерге шын жүректен қуана білесіз бе? Өзгелерден сыйлық алғанда ішкі эмоцияңыз қандай? Мақтау сөзді қабылдай білесіз бе? Ең бастысы, өзгелерде мақтау сөз айта білесіз бе?

♥ Жақындарыңызға сырыңызды айта аласыз ба? Өзгенің жанына тимейтіндей етіп өзіңіздің сезіміңізді жеткізе аласыз ба?

♥ Сезімді «сезіне» аласыз ба? Әлде оларды шеттетіп, барыншы алыс ысырып тастайсыз ба? Ашуыңызды біреуден аласыз ба?

♥ Өмірде ақылмен өмір сүресіз бе, әлде жүрекпен бе?

♥ Жақсы көре білесіз бе? Біреудің сізге деген сүйіспеншілігін қабылдай білесіз бе?

♥ Сізбен қарым-қатынасқа түскен адамдар өзін қалай сезінеді? Сіз олардың бар энергиясын «сорып» аласыз ба? Әлде, керісінше, оларды қуаттайсыз ба?

♥ Нәзіктікті неліктен дамыту керек деп ойлайсыз? Біреу үшін бе? Әлде өзіңіз үшін бе?

Осы сұрақтарға жауапты тізбек бойынша жазып шығыңыз. Бұл қағазды сізден басқа ешкім көрмейді. Сондықтан барынша шынайы жауап бергеніңіз абзал. Бұл сұрақтардың ерекшелігі – жауап жазу барысында біраз мін түзеліп, өзіңіздің қабылдағыңыз келмеген қырларыңызды танисыз.

Ал ақыл мен рухани деңгейдегі нәзіктік жайлы кезекті материалымыздан оқи аласыз.

Сурет: ©Евгений Фураев

Оқи отырыңыз:

Әйел адамға тән нәзіктік: физикалық деңгей

"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік"

"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік" #2

Бикештер қандай көлік таңдайды?

Ф. Абилова