"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік"

"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік"

Қыз бала өзінің табиғатына сай нәзік, биязы болуы керек дегенді жиі естиміз. Ал осы қасиетке кереғар болатын нәрселерді білесіз бе?

1. Әбігерлік

Егер мойыныңызға тым ауыр жүк артсаңыз, оны құнттаймын деп әбігер боласыз. Демек өңіңіз де, көңіл-күйіңіз де түседі.

2. Қоғамдық істердегі асыра белсенділік

Әйел заты жеке басындағы қиындықтарды, жанында қорғаны болмағаннын өзіне де, өзгеге де білдіртпеу үшін қоғамдық іске белсенді кіріседі екен.

3. Жұмыс

«Егер сіз таңертең жұмысқа әрең тұрып, өзіңізді күштеп үйден шықсаңыз, демек ол сізге емес ер адамға арналған жұмыс» деген психолог мамандардың тұжырымы бар. Негізінде, әйел затына көп уақытты жұмысқа арнамау керек екен. Жұмыс істеп, ақша табу ерлердің құзырында.

4. Шалбар

Негізінде шалбар ерлердің киімі екені бәрімізге мәлім. Алайда өзінің ыңғайлылығымен қыз-келіншектердің де күнделікті киім үлгісіне айналды. Дегенмен дұрыс таңдалған көйлек, белдемше кез келген аруды сәнді, тартымды етіп көрсететінін ұмытпағайсыз.

Сонымен қатар әйел затының көмекші құралдарының бірі – гардероб. Сондықтан оны таза ұстап, ескі-құсқы киімдерден босатып, жаңа киімдермен (сізді сәнді, нәзік етіп көрсететін) толтырыңыз.

5. Шаш үлгісі

Нәзіктікті бұзатын шаш үлгісін әдетте қысқа шашқа теңеп жатады. Алайда, қысқа шаштың да өзіндік сәнділігі мен әсемдігі бар. Дегенмен, шашты қысқарту ыңғайлы болу үшін жасалады. Ал ыңғайлылық сөзі ерлерге жақынырақ екенін ұмытпайық. Шашты орташалау не ұзын етіп өсіру, дер кезінде қысқартып, күту кез келген нәзік жандының міндеті.

6. Әшекей-бұйым

Қыз баланы нәзік етіп көрсететін элементтердің бірі – әшекей-бұйым. Оны дұрыс пайдалансаңыз, келбетінің сымбатты болары сөзсіз.

7. Дене күтімі

Косметикалық рәсімдерді жасап тұру әр қыздың міндеті. Дене, бет, шаш күтімі біздің сұлу әрі сымбатты болуымыздың кепілі. Айта кететін жайт, косметикалық рәсім үшін қымбат, люкс косметикасын ғана емес, табиғи маскалар мен скраб жасауға болатынын ұмытпаңыз.

Сурет: ©Владислав Кершман

Оқи отырыңыз:

Аязды күндердегі бет күтімі

Безеуден құтылудың бір жолы

Авокадоның пайдасын білесіз бе?

Алмадан маска дайындауға болатынын білесіз бе?

Ф. Абилова