Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сіз мақтауға лайықсыз!

Сіз мақтауға лайықсыз!

Сіз мақтауға лайықсыз!

Комплимент айта алу - өнер. Ал комплименттерді қабылдау ше? Сізді мақтап жатқанда, басыңыз түсіп, бетіңіз қызарып кетеді ме? Не кеудеңіз төбеге жетіп, "Иә, мен сондаймын!" деуге дайын боласыз ба? Комплимент көңіліңізді көтере де, ұялғаныңыздан еңсеңізді түсіре де алады. Оларды қалай қабылдау керек?

"Рақмет" - ең қысқа әрі дұрыс жауап. Рас, кейде айтылған комплимент барып тұрған жағымпаздану болып көрінеді. Бұндай мадақтауға тіпті жауап бергің келмейді. Осы сәтте "Рақмет" деп, тақырыпты ауыстырып жіберсеңіз болады. Кейде басқаша болады. Сізге мақтаулар айтқанда, өзіңіз жақсы жақтарыңызды айтып, бірнеше жыл бұрын болған сәттіліктеріңізді еске түсіріп кетесіз бе? Сыпайы болыңыз. Комплименттерге қысқа "Иә, рақмет" деп жауап қайтыңыз. 

Бір жақсы сөз естіп қалғаннан кейін, "Жоқ, қайдағы..." деп жаңа комплименттерге сұранбаңыз

Біреуді өтірік мақтап, өзіңіздің артықшылығыңызды көрсетпеңіз. Мысалға, құрбыңыздың онша емес шаш сәнін мақтап, одан "Жоқ, мен шашымды бір апта жумаған едім, сенікі әлдеқайда жақсы!" деген комплимент естисіз. Сөзсіз-ақ көрініп тұрған нәрсені айтудың не қажеті бар еді? Бұл комплимент көңіл көтермейді, тек сізге жеңіс сезімін беріп, құрбыңызды ұялтады.

Кейде қыздар расында өзіне сенімді болмағандықтан комплимент естісе ұялып, кірерге жер таппай қалады. Есіңізде болсын, сізді мақтаса, демек сіз оған тұрасыз! "Жоқ, бұл көйлек ескі, жай кие салған едім..." сынды сөздерді жиі айтып, өзіңізге деген сенімділікті мүлдем жоғалатасыз. 

Өзіңіз де комплимент жасаңыз. Әріптесіңіздің не құрбыңыздың шаш үлгісі, не киімі ұнағанда, ішіңізден ойлап, айтпаған жағдайлар болды ма? Енді осындай сәттері, ұялмай жылы сөз айтып, құрбыңыздың бұған қалай жауап беретінін бақылаңыз. Бір жағынан адамның көңілін көтеріп, екінші жағынан тәжірибе жинайсыз. Сондай-ақ жақсы жақтарды байқай білу - позитивті көңіл-күй кепілі. Айналаңызда қаншалықты жағымды нәрселерді байқасаңыз, өмір де соншалықты жайдары болып көрінеді.

Комплименттер - айтылған себебі мен қалай жауап беруге бас ауыртатын нәрсе емес, күнделікті өмірдегі кішігірім көңіл көтеретін ұсақ-түйек сөздер. Комплиментті шын жүрекпен айтып, естігенде мәз-мейрам болайық.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: liveinternet.ru

11696 10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 маусым 2012, 17:11
Пікірлер
+0
25 маусым 2012, 17:23

Мына материалыңыз жақсы шығыпты, Сания. :)

+0
25 маусым 2012, 17:36

Рахмет, бәрі тәжірибеден алынған)))

+0
25 маусым 2012, 17:37

хехе мынау да комплимент пен оған қайтқан жауап болды)

+0
25 маусым 2012, 17:45

Мақтауды ішімнен жаратып тұрсам да, көзімше мақтаса, ұялып қаламын )) Бір құрбым бар. Оны "Белинскийдің қарындасы" дейміз )) Сыншы өзі. Әділ. Әр іс-әрекетімде содан комплимент күтемін. :)

+0
25 маусым 2012, 17:54

мен де мені мақтағанды жақсы көріп тұрсам да, ұяламын. Мақтаса, ұялып мұрнымның ұшын ұстай берем) Мақтау қағазын алып жатқан суреттерімнің көбісінде мұрнымды ұытап түскенмін)))))))))) :lol:

+0
25 маусым 2012, 18:34

Шын жүректен айтылған мақтаулар ғана - комплимент. Біреуге мақтау айта білу де, өзіңізге бағытталған мақтауды қабылдай да білу керек. Ұсақ түйек сөздер болғанымен, адамдардың көңілін көтеруге, қуанышты етуге себепші болған да жақсы. :) Естіп жатсам, естімеген кейіп танытамын немесе тез теманы ауыстыруға тырысамын (әрине,іштей ұнатып тұрасың) :)

+0
26 маусым 2012, 15:59

Өтірік мақтау жағымпаздану мақсатымен айтылады ғой деймін. өзім ондайларға мән бермеуге тырысамын.

+0
14 шілде 2012, 23:37

Рахмет пе әлде Рақмет деп жазыла ма?

+0
15 шілде 2012, 00:18

рақмет деп жазылады)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...