Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Кесеңіз қандай?

Кесеңіз қандай?

Кесеңіз қандай?

Шайға құмар қазақ халқы қазіргі заманда самаурынын көтеріп жүре алмаса да, қай жерде жүрмесін, кесесін арқалап, шаршағанда рахаттанып шай ішеді. Кесе күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Үйімізде де, кеңсемізде де бір-бір сүйікті кесеміз тұрады. Күнде содан терлеп шай ішіп, шөлімізді қандырамыз. Сол кесемізге қарап, біздің ішкі жан-дүниеміздің бір пердесін ашуға болатындығын білесіз бе? Психолог ғалымдардың айтуынша, адамның сүйікті кесесі ол туралы талай сыр шерте алады.

Қарапайым пішінді ашық түсті кесенің иесі байсалды, кейде тым жабық адам. Бұл кісіні интроверт десе болады. Ол ақылды, кез келген жағдайда сабырлы болады. 

Әріптесіңіздің кесесі басқа елдердің белгілерімен әшекейленген болса, алдыңызда нағыз романтик тұр деген сөз. Ол саяхаттау мен шытырман оқиғаларды армандайды. Осы кесесінен шай ішіп, сол кездерін еске алып, армандарға батады. Бұндай жігіт не қыз махаббат үшін бәріне баруға даяр. 

Досыңыз шайды термокеседен ішсе, оның жан-жақты адам екенін біліп жүріңіз. Ол отбасы мен үй ішіндегі бақытты алдыңғы орынға қояды. Табиғат аясына шығып, тау-тасты аралағанды ұнатады. Бұл кісі дегеніне жететін, ісін соңына дейн жасайтын сенімді адам.

Кішкене табақшасы бар кеседен шай ішетін адам - нағыз эстет. Ол тәрбиелі, сыпайы, ұрсысуды жақтамайды. Кез келген нәрсенің ең әдемісін қалайды. Өзіне "жоқ" дей алмайды. Өзін әр уақытта жақсы жағынан көрсеткісі келеді, жақсы болуға тырысады. Ортасында көшбасшы болуға тұрарлық адам.

Есімі не шоқ жұлдызы жазылған бір түсті күңгірт не қара кесенің қожайыны көпшіліктің кеңестері мен ортада қабылданған дәстүрлер бойынша өмір сүреді. Басқалардың қателіктерінен үйренгенді дұрыс деп санайды.

Жазуы бар кесе иесі қоршаған ортасынан қорғаныс іздейді. Олардан өз қорқыныштарын жасырғысы келеді. Бұл өзін бақытты етіп көрсетудің бір амалы. Қасындағы адамдар жазуды оқып, оның "бақытты" екеніне көздері жетеді. 

Жарқын түсті, біртүрлі суреттері бар кесенің иесі өмірді жеңіл қабылдайды. Сәтсіздіктеріне уайымдамай, керісінше одан тәжірибе алады. Достары көп болады.

Міне, енді сіз жаңа досыңыз не әріптесіңіздің мінезін жай кеседен-ақ білетін боласыз. Немесе өзіңіздің мінезіңізге басқа қырдан қарап, жаңа нәрсе ашқан боларсыз? Сіздің кесеңіз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: priority-group.com, zazzle.com.au

1841 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 маусым 2012, 19:49
Пікірлер
+0
11 маусым 2012, 19:10

шеше,шеше...неше кесе..сынды кеше :lol:

+0
11 маусым 2012, 19:27

Сания massaget.kz деген жазуы бар кесенің иесінің мінезі қандай болады :?:

+0
11 маусым 2012, 22:56

көреміз)))

+0
12 маусым 2012, 17:12

айтып жиберсенши массагетте таныскан адамга сыйлап едим онын минези кандай екенин билейик

+0
12 маусым 2012, 17:13

Оның мінезі қандай болса да, сізге ұнап қалғаны анық)

+1
11 маусым 2012, 19:29

Білмедім кесеміз қандай, әйтеуір шайымыз балдай :D

+0
11 маусым 2012, 19:42

8 наурызда сыйланған корей кесесі өзіме қатты ұнайды. :)

+0
12 маусым 2012, 09:58

Менің үйдегі кесем суреті жоқ ақ кесе, жұмыстағысы суреті жоқ қоңыр кесе ))

+0
12 маусым 2012, 10:03

Үйде кәдімгі қазақша өрнегі бар кесе, жұмыста кружка, АҚШтан алып келгем))) міне алты жылдың жүзі болды))))))))))))))))) сыртында логотип бар)

+0
12 маусым 2012, 12:40

"Кесесіне қарап адамын таны". Массагет атаның айтқандары))

+0
12 маусым 2012, 15:29

мен кесемді сындырып ала берем ше :(

+0
12 маусым 2012, 17:40

абайлап журу керек кой

+0
12 маусым 2012, 15:57

Кесе, кесе деп жатқандарыңыз кружка ма? Ауылда, бала кезімізде кәдімгі оюы бар кәдімгі қазақы кеселермен шай ішетінбіз. Қалаға келіп қо кружкамен ішуді әдетке айналдырғаным)))

+1
12 маусым 2012, 17:28

кесем жоқ, біреудің кесесінен іше берем деппа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...