Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Әшекей мен мінез

Әшекей мен мінез

Әшекей мен мінез

Далап пен шалбарлар сияқты әшекей де иесі жайлы көп нәрсе айта алады. Талғаммен таңдалған әшекей әйел адамның өзін-өзі бағалауда ешқандай мәселе жоқтығын білдіреді.

Ағаштан жасалған әшекейлерді көбіне білімге құмар, өнерлі, қызығушылығы мол қыздар таңдайды. Мұндай аруды бағындырғысы келетін жігіт өтірік алдағысы келсе, өте абай болғаны жөн. Бар құпия ашылған кезде мұндай қыздар ештеңеге қарамай кетіп қалады. Көп жағдайда тылсым күштердің көмегіне мұқтаж болып жүреді.
Әдетте олар барлық достары мен таныстарының қиыншылықтарынан хабардар, өйткені бастарына іс түскенде олар сондай арудың иығына басын қойып, жылағанды ұнатады. Олар тыңдап, біреудің қайғыларына ортақтаса алады.

Киізден жасалған сырға, моншақ пен білезіктерді жайлылық пен ыңғайлылықты жақсы көретін арулар тағады. Мұндай әшекей иелері өте эмоционалды болып келеді және сезім мен ішкі түйсігіне бағынып шешім қабылдауға құмар. Жандары нәзік, сезімтал, олар құшақтап, ұстағанды жақсы көреді.

Пластмассалық әшекейлерді өте епті, ұқыпты, үнемшіл және өмірге шынайы көзқараспен қарайтын қыздар жақсы көреді. Олардың өз пікірі бар және керек кезде өз дегенінде тұра алады. Біреудің қысым жасағанын ұнатпайды. Жаңа танысуларға әрдайым ашық және ғашықтық пен махаббатты жиі шатастырады.

Металдан жасалған әшекейлерді (өте үлкен емес) өзін қорғансыз сезінетін қыздар таңдайды. Олар сыртқы әдемілігі үшін емес, жан сұлулығын бағалап сүю керек деген ойда. Оларды жаулап алу үшін әдемі бұйымдар емес (гүл, конфет, қымбат сыйлықтар), нағыз шынайы сезім керек.

Болаттай берік әшекейлерді алдына мақсат қойып, қалай да жетуді ғана ойлайтын қыздар таңдайды. Оларға біреудің пікірі жүрмейді. 

Бисерден жасалған әшекейлерді жайнақы мінезді, әсершіл, басқа біреудің ықпалына оңай бағына кететін қыздар тағады.

Қолөнер әшекейлерін (авторлық жұмыстар) өзін ерекше санайтын, тәуелсіздігін көрсеткісі келетін арулар тағады. Мұндай әйелдер әдетте стереотиптерден аулақ, көп адам жиналатын қоғамдық жиындардан қашқақтайды. Мінездерінде эгоистік басым және өзгелерге жоғарыдан қарауы да мүмкін. Өзгелерден ерекше, бірақ сәнді киінуге құмар және екінші жартысын таңдағанда да талғампаз келеді.

Винтажды әшекейлерге («тарихи» бұйымдар) балалық шағын қатты сағынатын қыздар құмартады. Олардан ардақты ана және адал жар шығады. Романтикалық жандар, кейде сентименталды. Салт-дәстүрлерді жете ұстанады, отбасының берекесіне көп мән береді – демалыста апасы сияқты бауырсақ пісіргенді, жиындарда отбасылық салт бойынша тағамдар әзірлеп, дастархан жасағанды жақсы көреді.

Классикалық әшекейлерді жұмысбасты, өзіне қарауға шамасы жоқ қарапайым қыздар таңдайды. Сол себепті кез келген киіммен жарасып кететін бір әшекейді тағып жүре бергенді қалайды. Немесе қатып қалған ереже мен жағдайға байланысты әрекет ететін арулар. Кейде бір қарағанда қарапайым әшекей сияқты көрінетін қымбат әшекейді өзінің әлеуметтік статусын көрсету үшін тағуы мүмкін. Мұндай арулар өзінің бағасын біледі және сол бағасы жайлы жар салуды құп көрмейді.

Әшекей жоқ болса...
Әшекей әйел адамның өзіне деген назары мен өзін-өзі бағалауының айғағы: өзін жақсы көретін әйел өмірді де, басқаны да жақсы көре алады. Әшекейсіз жүру – бірдеңесі «дұрыс емес» деген сигнал. Ол өмірінде бір дағдарыс сәтін бастан кешіп жүр немесе еркектерден көңілі қалған.

Сурет: societeperrier.com, freshjournal.ru

10397 20
Рейтинг: +5

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 07 маусым 2012, 17:27
Пікірлер
+0
07 маусым 2012, 12:45

Рас, рас ))) :)

+0
07 маусым 2012, 12:46

Әшекейсіз жүру – бірдеңесі «дұрыс емес» деген сигнал. Хехе ) Рас бұл да )))))))

+0
07 маусым 2012, 14:31

:lol:

+0
07 маусым 2012, 12:52

Қазір бірде бір әшекей жоқ, алайда өзім авторлық әшекейлер ұнайды.))))

+0
07 маусым 2012, 13:14

Металл немесе классикалық әшекейлер. :)

+0
07 маусым 2012, 13:14

Маған дәл келеді мына жорамал))

+0
07 маусым 2012, 13:17

Бисер, моншақ әшекейлерді тағам:)

+0
07 маусым 2012, 13:20

:lol: ойбой әшекейі жоқ қыздарға қиын бопты ғой иә

+0
07 маусым 2012, 14:06

Менің әшекейсіз жүргенім - өзім тұрғаныммен әшекеймін ғой ))))

+0
07 маусым 2012, 14:25

Менің пластмассалық және винтажды әшекейлерге қызығушылығым басым.

+0
07 маусым 2012, 15:17

бірдеңесі демей, есі дұрыс емес деп гәңк еткізбейсіңдер ме :D

+0
07 маусым 2012, 16:33

Тырнығы тістелген-містелген саусаққа жүзік, жуылмаған құлаққа сырға тақпаса болғаны, көргем ондайларды^__^ Әшекей "менің мына жерім сұлу, қарашы" деп тұрады ғой

+0
07 маусым 2012, 17:42

қайдан көріп жүрсіз ондай "аруларды"?

+0
07 маусым 2012, 17:49

Өткен аптада Көк базарда ет алып тұрған бір келіншекті көріп ем. Сол есіме түсіп кеткені ғой

+0
08 маусым 2012, 08:56

Базар ғой, базаааар.

+0
07 маусым 2012, 18:55

мен барлық әшекейдің түрін жақсы көремін :? :?:

+0
08 маусым 2012, 11:12

маған қолөнер және пластмассалық әшекейлері ұнайды

+0
10 маусым 2012, 16:08

Киізден жасалынғаның көрмеппін! Бірақ маған әшекейдің барлық түрі ұнайды! Сонда мен қандаймын?! :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...