Табада дайындалатын пицца

Табада дайындалатын пицца
Фото: massaget.kz

Үйде бар азық-түлікпен пицца жасауға болады. Айналдырған 10 минуттың ішінде пісетін болса, тіпті жақсы емес пе? Сенбесеңіз, мына мәзір бойынша дайындап көріңіз. Сіздердің назарларыңызға 10 минуттың ішінде пісіп дайын болатын пиццаны ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер:

- 200 гр ұн; 
- 2 жұмыртқа; 
- 150 гр майонез; 
- 1 стақан сүт; 
- 200 гр шұжық; 
- 200 гр ірімшік; 
- 1 пияз
- 2 қызанақ; 
- өсімдік майы.

Шұжықты пен қызанақты турап, ірімшікті үккіштен өткіземіз.

Алдымен пиццаның қамырын дайындаймыз. 2 жұмыртқаны жарып, оны 1 стақан сүтпен және 150 грамм майонезбен сұйықтығымыз қоймалжың болғанға дейін араластырамыз, тұз себеміз. 

Қызған майы бар табаның үстіне қою қоспаны құйып, бетіне пиязды турап саламыз.

Туралған ингредиенттерді табаның бетіне бірінің үстіне бірін жайып саламыз. Үккіштен өткізілген ірімшікті себеміз де, бетін жауып 10 минутқа отқа қоямыз.

Арада 10 минут өткен соң, пиццаны үлкен тәрелкеге салып аламыз. Ас болсын!

Г. Берік