Израиль таңғы асы − шакшука

Израиль таңғы асы − шакшука
Фото: businesstraveller.com.ru

Шакшука − ең дәмді әрі пайдалы израиль таңғы асы. Жемісті күніңізді томат пастасы, хош иісті дәмдеуіштер және жұмыртқадан бастап көріңіз.

Қажетті азық-түліктер:

- 4 жұмыртқа;
- 1 пияз;
- 2-3 сарымсақ;
- 1 ас қасық ащы бұрыш;
1/4 шай қасық даршын (корица);
1/4 шай қасық тұз;
- 1/4 шай қасық қалампыр (гвоздика);
- 1 лавр жапырағы;
- 400 гр томат пастасы;
- 1 байлам ақжелкен (петрушка).

Дайындалу жолы: 

Пияз, сарымсақ және лавр жапырағын ұсақтап тураңыз. Қыздырылмаған табаға пияз, сарымсақ, бұрыш, даршын, тұз, қалампыр, лавр жапырағы және томат пастасын салыңыз. Табаны қатты қыздырылған отқа қойыңыз. Сұйықтық қайнаған кезде, отты орташа температураға қойып, 10 минут бұқтырыңыз. Сұйықтықтың жартысы буланып, жойылуы қажет. Барлығын араластырып, 4 жұмыртқаға орын ойыңыз. Сол жерге жұмыртқаларды жарып, салыңыз. Содан соң қақпағын жауып, 10 минут бұқтырыңыз. Жұмыртқаның ағы пісіп, ал сарысы жартылай пісіп, сұйық болуы қажет. Дайын шакшуканы тәрелкеге салып, үстіне туралған ақжелкенді себіңіз.

А. Жапатова