Денсаулыққа пайдалы диета - 7

Денсаулыққа пайдалы диета - 7
Фото: rudaki.ru

Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.

№7 диета бүйрек ауырған кезде тағайындалады. Тамаққа тек 2-3 г мөлшерінде тұз қосып, 800 мл сұйықтың ішуге рұқсат беріледі. Тәулігіне желінетін тағамның құрамында 110-125 г ақуыз, 80 г май, 350-400 г көмірсу болуы тиіс. Ал калориясы 2 500 – 2 900 ккал-дан аспағаны жөн. Күніне 5-6 рет тамақтанады. Тағамның температурасы әдеттегідей.

Тамақтану тәртібі:

- сүт, кілегей, қаймақ, ұйыған сүт, қатық, ірімшік;

- сары май, зәйтүн, соя, күнбағыс майы;

- күніне 1 жұмыртқа;

- сүттен, көкөністен, қуырылған пияздан, орамжапырақтан жасалған сорпа, борщ;

- сиыр, қой, құс, балық етінен жасалған тағамдар. (Етті алдымен пісіріп, артынша қуырған жөн);

- макароннан жасалған гарнирлер;

- мейіз, қара өрік, сары өрік, тосаптан әзірленген ботқа;

- сүттен, қаймақтан, көкөністен әзірленген тұздықтар;

- қымыздықтан өзге көк шөп, саумалдық, шалғам;

- жеміс-жидек;

- компот, кисель, желе;

- тәтті тоқаштар, қант, тосап пен бал, кәмпит;

- сүті аз шай.

Бүйрекке тас жиналған кезде құрамында А дәрумені көп тағамдар жейді. Сол себепті науқасқа нәлімнің бауыры мен тұздалмаған майшабақ қосылған тағамдар ұсынады. Мұнымен қатар, құрамында каротині бар асқабақ пен сәбіз жегізеді. Суды қалауынша ішуге болады.

Қандай тағамдарды жеуге болмайды?

Бүйректі зақымдайтындықтан, ішімдік ішіп, какао мен шоколад, тұзды және ащы тағамдар жеуге тыйым салынады. 

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасыарықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.  

Қ. Бүйенбай